Назарбаев Қытайдың Достық орденімен марапатталды

Күні: 09:59, 29-04-2019.

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Кеше Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның тұңғыш президеніт Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының «Достық» орденімен марапатталды. Елбасы осындай жоғары марапатқа ие болған шетелдік мемлекет басшыларының арасында Ресей президенті Владимир Путиннен кейінгі екінші тұлға болып отыр», - делінген жексенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Достық ордені Қытайдың шетел азаматтарына арналған ең жоғары мемлекеттік наградасы болып табылады
«Бұл орден дәрежесі бойынша Республика орденінен кейінгі екінші және Қытайдың социалистік жаңғыруына, Қытайдың әлеммен байланысы мен қарым-қатынасының орнауына, және бүкіл әлемде бейбітшіліктің орнығуына қосқан үлесі үшін шетелдіктерге берілетін жоғары марапат болып табылады», - деді Қазақстан СІМ-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: