Назарбаев жамбылдықтарды облыстың 75 жылдығымен құттықтады

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының тұрғындарын облыстың 75 жылдығымен құттықтады.  
«Баршаңызға мықты денсаулық пен бақыт, сондай-ақ  туған өлкенің гүлденуі жолында ары қарай да жұмыс жасау үшін күш пен қуат тілеймін», - делінген Н.Назарбаевтың құттықтауында.  
Оның айтуынша, қазақстандықтар «өзінің тарихи көрнекті жерлерімен және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен белгілі сіздің өңірге әрқашан үміт артқан және арта да береді».
«Сіздердің облысыңыз, жалпы бүтін еліміз секілді, тәуелсіздік жылдарында түбегейлі реформалар негізінде танымастай өзгерді. Соңғы жылдары өңірдің инфрақұрылымының дамығаны  да қуантады, ал ірі өндірісік жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде халықтың әл-ауқаты артты, оның мәдени-тұрмыстық жағдайы жақсарды», - деп атап өткен президент.
Мысалы, оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік үдемелі-индустриалды даму бағдарламасы аясында облыста 41 жоба жүзеге асырылуда, олардың 29-ы бойынша нысандар қолданысқа енгізілді.  
«Олардың қатарында бізде бұрын шығарылмаған өнімді шығаратын кәсіпорындар да бар. Бұл облыстың болашағы жарқын болады деген сенім ұялатады. Кеден одағының белсенді қимылымен, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралін пайдалану арқылы, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен туризмнің дамуының арқасында облыс халқының өмірі, әлбетте сапалы жаңа деңгейге көтеріледі.  Мен облыстың көп ұлтты халқы «Қазақстан-2050» стратегиялық бағытын жүзеге асыру ісіне қомақты үлес қоса алады деп үміттенемін», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Жамбыл облысының іргетасі  1939 жылы қаланған.

adimage