Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Еске салсақ, 4 желтоқсанда Н.Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені хабарланған еді. Сол кезде, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады.
Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді
