Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары сот кеңесінің мүшелерін тағайындады, деп хабарлады ЖСК баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 862 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Жанғұттинов Мейрам Құрмашұлы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Елемесов Нұрмаханбет Мақсұтұлы, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Манапов Ел-Назар Тұрсынбекұлы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Қаудыров Төлеш Ерденұлы, «Қазақстанның заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақылбай Серік Байсейітұлы тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.
Сондай-ақ, адвокат Раисова Балгүл Амангелдіқызы Жоғары Кеңес құрамына адвокаттық қауымдастықтан қайта тағайындалды
«Осы жарлықпен Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері А.Д. Балағұмарованың, Л.С. Кудекованың, Е.Қ. Қаржаубаевтың, Ә.Ж. Құрықбаевтың, Н.Ә. Пазыловтың, М.А. Хожабергеновтің өкілеттіктері тоқтатылды» - делінген хабарда.
Назарбаев Жоғары сот кеңесінің мүшелерін тағайындады
