Назарбаев зияткерлік мектебінің жаңа басшысы тағайындалды

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – «Назарбаев зияткерлік мектебі» (НЗМ) АБҰ басқармасының төрағасы болып Светлана Испусынова тағайындалды, деп хабарлады автономды білім беру мекемесінің баспасөз қызметінен.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусынова басқарма төрағасы болып тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бұған дейін Испусынова 2012 жылдан бастап НЗМ басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді, ал жалпы зияткерлік мектептер жүйесінде 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Оған дейін 2007-2008 жылдар аралығында ол «СИТ» АҚ инновацилық технологиялар департаментін басқарды, «Kazsatnet» АҚ пайдалану департаменті директорының орынбасары болды. Оның алдында 2003-2007 жылдар аралығында Испусынова білім және ғылым министрлігінің бөлім, басқарма басшысы, мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
Еске салсақ, 2009 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін НЗМ басқарған Күләш Шәмшидинова 25 ақпанда білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалған еді.

adimage