Назарбаева АКМ-ның БАҚ-тағы жағымсыз материалды азайту әрекетін «бос еңбек» деп атады

Күні: 18:17, 14-02-2019.

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Салдарымен емес, жағымсыз жағдайды туғызатын жағдайлардың себебімен күресіп, оның алдын алу керек, деді Қазақстан журналистер конгресі атқарушы комитетінің төрағасы, сенаттың халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева.
Бұған дейін сенат отырысында Қазақстанның ақпарат және коммуникация вице-министрі Нұргүл Мәуберлинова министрліктің келеңсіздіктерді азайту бойынша бас редакторлармен, БАҚ басшыларымен жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Ол министрліктң БАҚ-тағы жағымсыз контентті 30%-ға азайтуға ниетті екенін айтты.
"Бұл мүмкін емес, бұл бос еңбек. Шын мәнісінде жағымсыз реакцияны туғызатын жайттың салдарымен күресіп, олардың алдын алу керек. Болды. Бұл жағдайда, барлық меморгандар, жергілікті жерлердегі және орталықтағы, жұмыстарын жандандырулары керек. Әсіресе, бірінші кезекте, әлеуметтік салада. Сол кезде жағымсыз жарияланымдар болмайды. Келісесізер ме?», - деді бейсенбіде сенаттың алқа отырысының кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д. Назарбаева.
Ол «шешім қабылдайтын халықтың құлағына үндеулері жету үшін» журналистер сөйлейтін мінберлер мен мүмкіндіктердің көп екенін мойындады.
"Бұл өте маңызды. Және ақырындап, біздің азаматтық қоғам өсіп, дамып келеді. Мен бұл өте жақсы деп санаймын. Тек қазіргі таңда заң ұсынып отырған мүмкіндіктерді қолдана білу керек", - деді Д.Назарбаева.
Бұған дейін ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев БАҚ-тағы келеңсіздікті азайту бойынша арнайы жоба туралы ақпарат дұрыс қабылданбағанын және оның сөз бостандығын шектемейтінін айтқан болатын. Ол жағымсыз контентті төмендету дегеніміз суицидке, терроризм мен экстремизмге үндеуді азайту екенін түсіндірді.


Жаңалықтармен бөлісу: