Назарбаева мектептердегі электронды технологияларды енгізу алгоритмінің жоқтығын жеткізді

Күні: 15:42, 04-11-2014.

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ҚР парламент мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева мемлекеттік ведомстволардан шығындарды бекіту процесінен көп бұрын мектептерде электронды технологияларды енгізу жөніндегі таза іс-қимылдар алгоритмін анықтап алуды талап етті.
«Алдымен біз сіздердің алға қойып отырған мақсатыңызды көріп, кейін барып қана сол мақсатқа жету үшін қажет ақшаны сізбен талқылағымыз келеді. Бүгінде, мақсат және қаржыландыру, игеру деген шақта, бірінші орындағысы – игеру. Ал сосын нәтижелер туралы ешкім де еске алғысы келмейді, сәйкесінше, қандай міндет тұрғанын ешкім білмейді де. Жаңаша жұмыс істеуге тырысамыз», - деді Д. Назарбаева сейсенбі күні  мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Вице-спикер білім беру үдерісіндегі электронды технологияларды енгізумен айналысатын мемведомстволарға арналған жұмыстардың айқын ұласымдылығын көрсетіп берді.
«Келесі тұрған міндет: әлденеше мектепті электронды әкімшілікпен қамтамасыз ету керек. Шартты түрде айтқанда, 1000 мектепті алдағы үш жылда қамтамасыз еткіміз келеді. Яғни, сол 1000 мектепте ұстаздары дайын болып, оларда электронды жүйесі бар әдістеме болуы тиіс, оқу бөлігі бар әдістеме болуы тиіс. Сол 1000 мектепке 4-тен 10 МГб дейінгі ғаламтор тартылуы тиіс. Осындай міне бағыттардың кешені қатар жүріп дамуы тиіс. Және сіздер бізге 2016 немесе 2017 жылға таман біз сапалы жұмыс жүргізіп, осындай-осындай аудандар мен қалаларда сол мектептердің нөмірлерін (көрсету – ҚазТАГ) арқылы, ойластырылған нәрсе мен бөлінген ақшаны қалай үйлестіру жағын айтуға тиіссіздер», - деді ол.
Бұдан өзге, Д. Назарбаева жалпы бағдарлама енгізуге жауапты министрліктер арасындағы үйлестіру жайының жоқтығына қынжылыс білдірді.
«Әзірге көріп отырғанымыз: үйлестіру жоқ, мақсат шайылған, ақшалардың қайда кетіп жатқаны түсініксіз, жан-жақтың барлығы ұрлап жатыр деген күдік бар бәрімізде. Күдік, себебі біз тексере алмаймыз: бізде индикатор жоқ», - деп түйіндеді депутат.


Жаңалықтармен бөлісу: