Назарбаева қытайдың белді институттарының базасында Абай институттарын ашуды ұсынды

Күні: 09:50, 28-10-2014.

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – ҚР парламент мәжілісінің төраға орынбасары Дариға Назарбаева қытайлық ЖОО-лардың базасында Конфуция институты сияқты Абай институттарын ашуды ұсынды, деп хабарлады мемБАҚ-тар.
«Екі ел қарым-қатынасында сенім орнығуы және сіздердің ел туралы көп білу үшін Қазақстандағы белді ЖОО-да ашылған төрт Конфуция институты орасан зор еңбек атқаруда. Келесі жылы біздің еліміз ұлы ойшыл, философ және ақынымыз Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын тойлайды. Оған арналған ескерткіш Бейжіңде ашылған. Және де біз Абай институттары қытайлық белді ЖОО-лардың базасында ашылғанына мүдделілік танытар едік», - деді Д. Назарбаева ҚХР білім министрі Юань Гуйжэнмен келіссөздер барысында.
Өз тарапынан Ю.Гуйжэнь Қытайдағы білім беру саласына тоқтай келіп, ҚХР ұлттар университетінде қазақ тілі кафедрасы барлығын, және ол қазір ҚР халқының мәдениеті мен дәстүрін тануда маңызды рөл атқарып отырғанын атап кетті.  
Кездесуде сонымен қатар мәжілісмендер Гүлнәр Иқсанова, Гулмира Исимбаева, Надежда Петухова, Алдан Смайыл, Светлана Ферхо, сондай-ақ ҚХР-дағы ҚР елшісі Нұрлан Ермекбаев бастаған қазақстандық дипломаттар қатысты.


Жаңалықтармен бөлісу: