Назарбаева журналистерге АКМ түзету жобасы туралы: Сіздер мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек

Күні: 18:48, 14-02-2019.

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ қызметкерлерін аккредиттеудің қолданыстағы қағидасын күшейтуге бағытталған бастамасына түсінік берген Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистердің өз мамандықтары үшін күресе білулері керегін айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазір билікпен өзара қарым-қатынас жасаудың барлық мүмкіндіктері бар. Заң жобалары талқыланғанда – өз пікірін білдіріп, парламент және үкімет депутатттарымен жұмыс жасауға. Сіздер өз мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек. Осыны жақсы үйреніңіздер. Сіздер тек бірдеме болып қалған жағдайда ғана еске аласыздар», - деді бейсенбіде сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д.Назарбаева.
Бұл ретте ол АКМ бұйырығының жобасымен таныспағанын атап өтті.
«Уәде беремін, ол құжатты қолыма алдым, міндетті түрде қараймын, министрлікпен сөйлесемін және сіздерге қосымша хабарлаймын. Алдын-ала байбалам салмаңыздар», - деді сенатор.
Оның пікірінше, қазір журналистердің «аузын жабу» мүмкін емес.
«Қазір ғаламтор арқылы өз пікіріңді білдірудің мүмкіндігі шексіз. Журналистер әркез халықты ойлап жүреді, және халыққа қорған болады. Олар халықтың мұңын билікке және жалпы бүкіл қоғамға жеткізеді, сондықтан олардың рөлі өте маңызды. Сіздер заң туралы айтып отырсыздар, сол заң талқыланғанда сіздер қатысқан жоқсыздар, жұмыс тобына келген жоқсыздар және өз пікірлеріңізді білдірмедіңіздер, үндемедіңіздер», - деп мәлімдеді жоғары палата депутаты.
Парламентарийдің айтуынша,нормативті-құқықтық актілерге қатысты барлық жұмыс «алдын-ала болуы керек».
«Егер сіздің кәсіби салаңызға қатысты министрлік шығаратын заң жобасы немесе нормативті-құқықтық акті әзірленіп жатса, барлығы талқылануға жатады. Бірақ мен әріптестеріме айттым, өкінішке орай, журналистер қоғамы бұл мәселеде сылбыр. Заң жобасы талқыланғанда барлығыңыз қайда болдыңыздар? Неге байқамай қалдыңыздар? Сіздер жеке алынған біз, депутаттарға қарағанда, кәсіби маман ретінде бұл саланы жақсы түсінесіздер», - деп мәлімдеді сенатор.
Ол болып жатқан жайт, оның ойынша, «ақыры соңында біртендеп жойылуына, мамандықтың ғана емес, дәстүрлі БАҚ-тың да жойылуына әкеліп соғады».
«Бүгінде телеарналарға, басылымдарға өте қиын. Көріп отырғанымыздай, ғаламтор көп пайда табуда. Ғаламторда ешкімнің аузын жаба алмайсың. Бұл адамдардың пікірін білдіретін мүлдем еркін орта. Менің ойымша, бүгінде журналистік кәсіби цех өзінің баламалы заң жобасын әзірлеп, сол бастамаларын алға тартулары керек», - деп санайды Д. Назарбаева.
Атап өтелік, Д.Назарбаев 1994-2004 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарған. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы ол аталмыш медиахолдингтің жартысына жуық акциясына иелік еткен.
Еске салсақ, 13 ақпанда ҚазТАГ АКМ «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Сол түзетулер енгізілген жағдайда қолданыстағы қағидаларға қарағанда журналистердің іс-шараларды таратуға жіберілу ережесі күшейтілетін болады. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады.
АКМ жоспарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та сынады, ол аккредиттеудің жаңа қағидалары арқылы мемлекеттік органдар журналистердің қоғамдық жаппай шараларға жіберілуін шектейді деп санайды. Ол журналистің шара өтетін жердегі ішкі тәртіпті сақтауға жазбаша түрде келісім беру сияқты мағынасыз талап Қазақстанда ешқашан болған емес деп атап өтті. Сонымен қатар ол журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжатты ұсыну туралы тармаққа да көңілі толайтынын білдірді, себебі ол азаматтық журналистиканың жоғалуына алып келеді. С. Матаев әзірге қағида жобасын талқылайтын уақыт бар кезде қазіргі таңда қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды сегменті болып табылатын әлеуметтік желіде көптеген сын туғызу керек деп санайды.
«Өз кезегінде, біз қағида жобасын әріптестерімізбен, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорымен талқылаймыз, сөйтіп қандай да бір келісілген шешім қабылдаймыз, үнсіз қалмаймыз», - деп түйді сөзін Қазақстан журналистер одағының төрағасы.
АКМ-ның түзету енгізу туралы жоспарын журналистер де сынға алды, соның ішінде Facebook әлеуметтік желісіндегі қоғамдастықтарда да, сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде кәсіби чаттар топтарында да талқыланды.
Міне кейбір пікірлер: «Журналистер сөз бостандығы үшін! Журналистер Абаевтың отставкасы үшін!», «Бір нәрсе жасайық. Ертең тек трансляцияны, сауалдар бойынша берілген жауаптарды ғана өңдеп отыратын боламыз», «Бұған дейін де түзетулер болған, бұған дейін де – біртіндеп редакцияларды жою, журналистер мен редакцияларды ашықтан-ашық сатып алу, оның үстіне түзетулер, тағы редакциялау. Егер тарихқа көз жүгіртсек- біз өз-өзімізді жоюға өзіміз жол берген екенбіз», «Министр осы қызметіндегі уақытта қолдауға тиіс саласына қысым көрсетумен айналысып келген».
14 ақпанда ҚазТАГ ХАА редакциясы бас прокуратураға журналистерді аккредиттеудің қолданыстағы ережесін күшейтуге бағытталған түзетулерді енгізу туралы ақпарат және коммуникация министрлігінің бастамасының заңдылығын түсіндіріп беру туралы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына ресми сауал жолдады. Атап айтсақ, редакция сы бас прокурордан 13 ақпанда АКМ қоғамдық талқылауға шығарған түзетулер жобасына жалпы және әр даулы тармақ бойынша жекелей оның заңдылығын түсіндіруді өтінді, сонымен қатар бақылаушы орган аталмыш дерек бойынша кімге қатысты және қандай уақытта қандай жауап қату шараларын қабылдайтынын сұрады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бас прокуратура сауалға сауалды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде, яғни кем дегенде 18 немесе 19 ақпанда жауап беруі керек.


Жаңалықтармен бөлісу: