Назарбаевты Венгрияға шақырды

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Венгрияға шақырды, деп хабарлады Ақорда сайтынан.
«Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан, мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді», - деп келтірген сәрсенбіде Ақорда Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның Назарбаевпен Нұр-Сұлтандағы кездесуде айтқан сөзін.
Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.
Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті..
«Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті
Сондай-ақ, тараптар өңірлік және жаһандық саясаттың өзекті мәселелерін талқылаған.

adimage