Nazarbayev University ТжКБ жобасында ақшаны бақылаудан жасыру әдісі ретінде пайдаланылады – Назарбаева

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Nazarbayev University, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар сияқты ТжКБ жобасында бюджет қаражатын бақылаушы органдардан «жасыру» әдісі ретінде пайдаланылады, деп ҚР парламент мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева мәлім етті.
«Қазір бақылаудан кетудің өте жақсы әдісі табылды. Ол – ақшаны квазисектордағы компанияның жарғылық капиталына қаржы аударып тастау. Одан соң оған ешкім де – есеп комитеті де, парламент те - ешкім араласа алмайды. Дәл осындай тетікке, біздіңше, осы жеке жобада (техникалық және кәсіби білім беру – ТжКБ – ҚазТАГ) өкінішке қарай,  Nazarbayev University айналды деп есептейміз», - деді Д. Назарбаева дүйсенбі күні парламент мәжілісінің ТжКБ жүйесін дамыту мәселелері мен «Кәсіпқор» холдингінің қызметіне арналған комитет отырысында.  
Депутат бюджет арқылы «Кәсіпқорға» ТжКБ дамытуға деп бөлінген қаражат «ысыраппен» пайдалануда деп қадап айтты.
«Біз қандай да әдістемені дайындауға жаратылып жатқан миллард қаражатты көріп отырмыз. Жүздеген миллион, миллиардатаған теңге қаражатты шетелде біліктілікті арттыру мен қайта дайындықтан өткізуге жаратып жатырмыз, бірақ нәтижесі түсініксіз. Біздің білім беру жүйемізде ол қашан және қалай пайдаланылатыны беймәлім және ол не беретіні түсініксіз», - деді ол.
Оның айтуынша, ТжКБ дамыту бағдарламасы аясындағы мұғалімдерді қайта дайындау мен студенттерді оқыту ресурстары Қазақстанның екі-үш ірі қаласында ғана шоғырланғаны тиімсіз, ал кәсіби білім беру мекемелері еліміздің барлық өңірлерінде  орналасқан.
«Тағыда әңгіме үш жылдық бюджет туралы. Біз бөлген қаражатты игермей тұрып бізге қайтадан келген «Кәсіпкерге» шын мәнісінде қанша қаражат керек деген сауал туындайды. Енді олар қаражатын Nazarbayev University арқылы бақылаудан жасырғысы келеді», - деп тұжырымдады Д. Назарбаева.

adimage