Үндістанда Қазақстан мен Үндістанның бірлескен оқу-жаттығулары басталды

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ –Үндістанда Қазақстан мен Үндістанның бірлескен оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлады Қазақстанның қорғанысминінен.
«Питхорагарх қаласына жақын жерде орналасқан әскери палигонда «Қаз-Инд-2019» қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, шара қарсаңында Үндістанға Қазақстан Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілер жасағы келді.
«Екі апта бойы халықаралық жиынтық бөлімше құрамында 60 қазақстандық әскери қызметші үнді әріптестерімен тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасып, тау жағдайында шартты заңсыз әскери құрылымдарды оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды теорияда жүзінде зерттеп, іс-жүзінде пысықтайтын болады. Қазіргі таңда оқу-жаттығуға қатысуышалар, құрамында әр мемлекеттен 60 адам болатын қазақстандық және үнділік әскери қызметшілердің жиынтық бөлімшесін құруға кірісіп кетті», - деп хабарлады қорғаныс минінен.
Қазақстанның Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру басқармасы бастығы полковник Марат Әбдіхалықов үнді елінің қонақ жайлылығына алғыс айтып, сонымен қатар терроризмге қарсы күрестің жаңа тәсілдерін зерттеудегі оқу-жаттығу екі елдің әскери қызметшілеріне өлшеусіз пайда әкелетініне сенімділік білдірді. Үнді Қарулы Күштерінің 111-ші жеке механикаландырылған бригада командирі генерал Мандэл, оның бөлімшесіндегі жауынгерлер бірлескен оқу-жаттығуларға қатысқанына, жаңа тәжірибе жинап және алмасатынына қуанышты екенін айтты.
«Оқу-жаттығу Қазақстан мен Үндістан Қорғаныс министрліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр», - делінген хабарда.
Қорғаныс минінде атап өткендей, бұл қазақстандық және үнді әскери қызметшілерінің бірлескен жұмысындағы бірінші кездесу емес.
«Қаз-Инд» алғашқы оқу-жаттығуы 2018 жылы Қазақстандағы гвардиялық гарнизонында өтті. Ол кездері бірлескен тәжірибелік іс-қимылдар барысында заңсыз әскери құрылымдармен күрес жөніндегі әскери іс-әрекеттердің бірыңғай алгоритімі пысықталды. Бірлескен жұмыста екі елдің әскери қызметшілері жақсы тәжірибе жинады. Өткен жылғы «Қаз-Инд-2018» оқу-жаттығуына Қазақстанның атынан, қазіргі кезде Үндістандағы бірлескен жұмысқа қатысып жатқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері тартылды», - деді Қазақстанның қорғаныс ведомствосынан.

adimage