Үндістанда нөсер жаңбыр мен қатты жауған қардың салдарынан кем дегенде 45 адам із-түссіз жоғалып кетті

Күні: 19:14, 25-09-2018.

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Үндістанда нөсер жаңбыр мен қатты жауған қардың салдарынан кем дегенде 45 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады  «Известия» басылымы.
«Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы алапат нөсерге ұласқан. Салдарынан су тасқыны болып кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалған. Бұдан бұрын студенттер Лахул ауданындағы таулы жерге сапарға шыққан, бірақ, дүйсенбі күні штатта қар аралас нөсер жаңбыр жауған», - делінген сейсенібдегі хабарда.
Сонымен қатар, хабарда атап өтілгендей, муссондық жауын-шашын салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапқан.  
«Жергілікті өзендерде су деңгейі артты, бірнеше ауданда су тасқыны орын алды. Сондай-ақ, Кулу, Кангар, Хамирпур аудандарында барлық оқу орындары жабық», - делінген хабарда.  


Жаңалықтармен бөлісу: