Үндістанның лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты

    Алматы.26 қыркүйек.ҚазТАГ- Үндістанның лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
    «24 қыркүйекте Үндістанның «IndiGo» лоукостер әуе компаниясы А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Дели – Алматы бағыты бойынша Қазақстанға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосқан»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Дели мен Алматы қалалары арасындағы бірінші рейсте орташа коммерциялық жүктеме 69% болды.
   «Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады»,- делінген хабарламада.

adimage