Негізгі қаруды Қазақстан Ресейден сатып алады – ҚР қорғаныс министрлігі

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Негізгі қаруды Қазақстан Ресейден сатып алады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.
«Біз былтыр жаңа өндірістегі 340 данадан астам қарулы техника сатып алдық. Әлбетте, біз негізгі қаруды біздің стратегиялық әріптесіміз – Ресейден сатып аламыз», - деді Т.Мұхтаров бейсенбі күні ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, ол еске салғандай, Қазақстанда өзінің қорғаныс- өнеркәсіптік кешені бар, ол жерде де әскери техниканың белгілі бір түрлері шығарылады.
«Заманауи радиолокациялық кешендер мен станциялар біздің зауытта шығарылады. Сондай-ақ, біз автомобиль техникасын сатып аламыз, соның ішінде «Арлан» бронемашинасын да. Бюджет бойынша сізге айта алмаймын, себебі оның да нақты бір ерекшелігі бар», - деп түсіндірді қорғаныс министрінің орынбасары.

adimage