Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 1,4 % өсті

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 1,4 % өсті, деп хабарлады стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросынан.
«Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 % өсті», - делінген хабарда.
Статақпарға сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда түсті металдар кені өндірісінің 7,8%-ға, көмірді өндіру 1,6%-ға, сусындар 8,9%-ға, темекі өнімдері 2,7%-ға, жеңіл өнеркәсіп 7,8%-ға, химия 0,6%-ға және металлургия өнеркәсібі 4,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары 4%-ға өсуі байқалды.
Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанда мұнай өндірісі 2,4%-ға, газ конденсаты 3,6%-ға, табиғи газ 1,5%-ға өскені байқалады.

adimage