Алматы. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Нигериялық Насарова штатында бензовоздың жарылуынан 35 адам мерт болып, 100-ден астамы зардап шекті, деп хабарлады RT.
«Біз 35 адамның мерт болғанын және 100-ден астамының зардап шеккенін анықтадық. Қаза тапқандардың көбі оқиға орнына не болғанын көру үшін жиналғандар», - деп келтіреді Reuters құтқару қызметінің директоры Усман Ахмедтің сөзін.
Хабарда нақтыланғандай, оқиға бензовоздың жанар май құю стансасына жақын маңда апатқа ұшырауынан орын алған.
Нигерияда бензовоздың жарылуынан 35 адам мерт болып, 100-ден астамы зардап шекті
