Николай ТИХОНЮК: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА СТАНДАРТТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

 

Астана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ - Ирина Нос. Статистика, егер қателеспесе, құрылыс саласы Қазақстанның ІЖӨ-нің 6%- ын қамтамасыз етіп отыр дейді. Құрылыс процесіне қатысушылардың көп түрлілігі, қауіптің жоғарылығы мен капиталдың салыстырмалы түрде бәсең айналуы кәсіпкерлердің бірдеме салуға деген тілектерін жоқ қылған емес, себебі олар орындалған жұмыстарынан ризашылықпен қатар пайда да табады. Алайда салынған құрылыстың қауіпсіздігі-бәрінен жоғары, демек құрылыс саласында ең қатаң нормалар мен ережелер болуы керек. ҚазТАГ тілшісінің ҚР өңірлік даму министрлігінің ТКШ және құрылыс істері жөніндегі комитет төрағасының көмекшісі Николай Тихонюкпен сұхбаты құрылыс нормалары мен ережелерінің (СНжЕ) бар-жоғы туралы сұрақтан басталды.

 

- Қазіргі таңдағы құрылыс саласында СНжЕ-ге қажеттілік жоғалды ма?

 

- Мәселе қазіргі таңдағы жүйенің құрылыс саласының ескірген нормативті-техникалық базасына негізделуінде. Өзінің құрылымы мен мазмұны бойынша біздің нормаларымыз мөлшерлеудің белгіленген тәсіліне негізделген: стандарттарға (МемСТ) бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес нысандар құрылысы мен жобалары талаптарының қатаң сақталуы. Ал бұл басқа нұсқаларды қолдануға мүмкіндік бермейді, жаңа жобалық шешімдердің қабылдануын тежейді. Сонда жобалаушы да, құрылысшы да, инспектор да жыл сайын жаңартылмайтын, тіпті ондаған жылдар бойы жаңартылмайтын талаптарды орындаулары керек. Сәйкесінше СНжЕ-де инновация мен жаңа материалдарды енгізуге кедергі жасайтын ескірген шешімдер қабылдауға бағытталған. Ал бұл инвесторларды тоқтатып, құрылыс саласына жаңа ғылыми-техникалық жобалар мен шешімдерді қолдануға кедергі келтіріп отыр.

 

- Бұл жағдайдан шығатын амал бар ма?

 

- Құрылыс мәдениетін тоқтаусыз арттыратын кезең келді. Біз үшін ол техникалық реттеуде жұмысқа қабілеттілік пен тиімді жүйе, қауіпсіз және сапалы материалдар мен білікті адам ресурстары керек дер едік. Еске салайын, өңірлік даму министрлігі құрылыс саласының нормативтік базасын жетілдіру тұжырымдамасы әзірледі, оған мемлекеттік басқарудың барлық органдары келісті және үкімет оны қолдады. Құжат мөлшерлеудің параметрлік әдісін қолдануды қарастырған.

Түсіндірейін. Тұрғызылып жатқан ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшін базалық талаптар қатаң сақталуы керек! Қалған параметрлер- архитектуралық және инженерлік шешімдер -құрылыс процесіне қатысушылардың қарауына берілген.

 

- Еурокодтар қазақстандық тәжірибеге сіңісіп кете ме?

 

- Алдымен оның не екенін түсініп алайық. Техникалық мөлшерлеудің еуропалық жүйесі бойынша ғимараттар мен құрылыстарға салмақ түсетін конструкцияны есептеу кезінде, механикалық беріктігі мен орнықтылығы жағынан талаптарға сәйкесігін растайтын дәлел түрі ретінде, сондай-ақ ұзақ мерзімділігі мен үнемділік аспектілері есебімен өрт кезінде бірыңғай әдіс ретінде Еурокодтарды енгізу және қолдану қарастырылған. Болғаны сол. Ал қалған ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету елдің ұлттық ерекшеліктері есебімен жүзеге асырылады (экономикалық, табиғи-климаттық). Қазақстанда 2015 жылы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау барысында Еурокодтарға көшу жоспарлануда. Ол құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесіне реформа аясында жүзеге асады. Қазіргі таңда Еурокодтар әзірленді. Оған қосымша ҚР СН EN –ге нормативті-техникалық құрал әзірленуде, онда Еурокодпен жұмыстың ережелері мен қағидаларын бірыңғай түсіну әдістемесі ұсынылған.

 

- СНжЕ-ден шыққанда біз не жоғалтамыз және Еурокодтарды енгізу арқылы не ұтамыз?

 

- Біз СнжЕ-ні мүлде шетке шығарып тастаған жоқпыз. Біз әлемдік экономикада тұрақты даму мен интеграция қағидалары негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебімен экономика саласындағы қайта бағдарлау мен қайта құру қажеттілігіне қарай әрекет етіп жатырмыз. Құрылыс кешенінің жобалаушылары, құрылысшылары және басқа да қатысушылары негізінен бірден жаңа нормативтік базаға көшіп кетуге дайын емес. Тұжырымдамада жаңа нормаларға біртіндеп, кезең-кезеңімен кіру қарастырылған. Тұжырымдаманы жүзеге асырудың І және ІІ кезеңінде (2013-2020 жылдар), соның ішінде 2020 жылға дейінгі техникалық реттеудің жаңа жүйесі мен көнесі қолданыста тұрған кезде қолданыстағы СНжЕ дәрежесі мен тиісті қолданылуы да сақталатын болады.

 

-Елімізде құрылыстың сапасын бақылау жеткілікті ме? Іс-тәжірибе көрсеткендей - жоқ. Мысал ретінде құлдыраған “Бесобаны” алайық. Мамандар қандай жолдар қарастыруда?

 

-Құрылысты сапамен қамтамасыз ету, алдымен тапсырыс берушінің, жоба және құрылыс компаниясының, техникалық және авторлық бақылаушылардың өз мәселесі. Сонымен қатар жоба сараптамасының органдары мен жергілікті атқару органдарының өкілдеріне қатысты. Нақтылап айтайын, біз авторлық және техникалық бақылаушының рөлін атқарамыз. Пайдалануға берілетін нысандарды қабылдауға арналған заңға өзгертулер енгіземіз. Бүгінде пайдалануға берілетін нысандарды қабылдау актісіне мемлекеттік комиссия қол қояды, олар құрылыс аймағына мүлдем бармаған адамдар. Ал біз мұндай актіге құрылыстың басы-қасында жүретін мамандар қол қою қажет екеніне сенімдіміз. Олар алдымен, құрылыс бөлімшесінің бастығы, тапсырыс беруші, сонымен қатар авторлық және техникалық бақылау мекемесінің мамандары. Олар пайдалануға берілетін нысандарды бақылайтын мемлекеттік комиссияның актіне қол қоюға міндетті. Ал актіде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына екі жақ бірдей жауап беруге міндетті.

 

-Қатарға енгізілген нысанның беріктігі мен орнықтылығының жеткіліксіздігі үшін қлмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс санаты бойынша лицензия алушыны бөлу артық емес пе?

 

-Иә, біздің тарапымыздан қылмыстық кодекске сараптама қызметкерлерін тарту туралы ұсыныс жасалды, ол сараптамашылар жобалық-сметалық құжаттарға оң баға беруде сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызмет көрсету арқылы міндеттемеге жауап береді, бірақ тұрғызылған немесе тұрғызылатын нысандардың тұрақтылығын, сенімділігі мен сапалылығын қамтамасыз етпейді. Оған қоса жобалық шешіммен бекітілген орындалған немесе орындалатын құрылыс-монтаждық жұмыстың сәйкестігіне авторлық бақылаудың болмағаны үшін де. Сондай-ақ сапасын, мерзімін, орындалған жұмыстарды қабылдау және нысанды пайдалануға беруді қоса алғанда техникалық қадағалау жіберген кемшіліктерге де.

Бұл ұсыныстар өз уақытында айтылып отыр. Бірақ 2012 жылдың ақпанында енгізілген құрылыс және жоба жасаушы компаниялардың тәжірибесі мен жіктелуіне байланысты құрылысқа бөлінген лицензияларды үш бөлікке бөлу туралы алға қойылған мақсат нарыққа қатысушылардың жіктелуіне тиімді болды.

Еске сала кетсем, 1 санатқа 10 жыл еңбек өтілімі қажет, 2-ге - 5 жыл, ал 3 санатқа жұмыс өтілімі қажет емес, енді ғана еңбекке араласып жатқандар. 1-ші санатты иеленген компания ең күрделі нысандарда құрылыс жүргізеді. 2-ші санатты иеленген компания орташа қиындықтағы нысандарда, ал 3-ші санаттылар жеңіл нысандарда жұмыстарын жүргізуге құқылы. Сондай-ақ, 2012 жылдан бастап біздің тарапымыздан заңды тұлғаларды лицензиялаудың орнына техникалық, авторлық бақылауды, нысандарды жобалық және техникалық тексеруден өткізетін сараптаманы жүргізетін жеке тұлғаларды, сарапшыларды аттестациялау енгізілді және олардың жекелеген жауапкершіліктері анықталды.

 

- Сонымен қазіргі таңда құрылыс қандай нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізілуде? Біз Асанада Б.Момышұлы көшесінде тұрғын үй салып жатқан компанияны білеміз, ол жарларды соғылған силикат кірпіштермен қаптап жатыр.

 

- «ҚР аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативті құқықтық актілер мен нормативті техникалық құжаттар тізімі» бар. Соған сәйкес құрылыс жұмыстары да жүргізілуі керек. Құрылыста пайдаланылатын барлық материалдар, бұйымдар мен құрылымдар нормативтік талаптарға сәйкес болуы керек. Олардың жаңа немесе көне екендеріне қарамастан. Осы талаптардың сақталуын қамту ИТҚ, тапсырыс берушінің техбақылауының және жобалаушының авторлық қадағалауының міндеті.

Көріп отырғаныңыздай, материалдарды, бұйымдар мен құрылымдары екінші қайтара пайдалану мүмкін және бүкіл әлемде кеңінен қолданылуда. Онда да тек ғылыми –зерттеу мекемесінің немесе мамандандырылған зертханалардың қорытындысы негізінде және сәйкестікті ерікті растауды өткізгеннен кейін ғана. Және ол Қзақастанның барлық өңірінде емес.

Бұрын пайдаланылған құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз аудандарда қолдануға тыйым салынған. Сондықтан сәйкестігін растамаусыз жаңа үй құрылысында бұрын пайдаланылған кірпішті пайдалануға жол жоқ. Ал соғылған оның үстіне силикат кірпішті мүлде пайдалануға болмайды!

 

- Компаниялардың бірі жүзеге асырған сабан үйлер жобасы туралы не айтасыз?

 

- Қазіргі таңда сабаннан үй салу технологиясы АҚШ, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Чехия тіпті Белоруссияда да кеңінен және табысты қолданылып жатыр. Нығыздалған сабан тақталарынан жасалаған құрылыс технологиясын Қазақстанға қазақстандық инвестициялық холдингтердің бірінің құрамына кіретін компания әкелді. Ол ағылшындық Stramit International-ға тиесілі. Британдықтардың кемшілігі сол олар құрылыс тақталары үшін тастың қатты қысымымен нығыздалған кәдімгі сабанды пайдаланған. Экопанельдер шығару бойынша аралық жоба Қостанай облысында жүзеге асырылуда. Екінші зауытты Ақмола облысынан салу жоспарлануда.

Сабаннан панель шығару барысында Қазақстанда тап болған мәселе ол сабанды жинау технологиясы мен сақтау орнының болмауы. Бұл сіз айтқан сабан үйлер құрылысына кедергі болып отыр. Сонымен қатар мұндай құрылыс материалдарына қатысты нормативті құжаттар да жоқ. Бізде басқа әзірлемелер бар: күріш қауызы мен сабан негізінде жеңіл бетон арболит технологиясы бойынша. Оның құрамының техникалық талаптарына Мемстандарт та бар: МемСТ 19222-84 «Арболит және оның өнімдері»

 

- Үйлерді сабандарды, басқа да органикалық қосындылардан дайындалған плиталардан салу жайлы әңгіме «жасыл экономика» идеясыың танымалдылығынан ба? Сіз қалай ойлайсыз, мұнда әр түрлі түсінік араласып жатқан жоқ па?

 

- Мәселе мынада, «жасыл стандарттар» ғимараттарды келесі қағидалар бойынша бағалайды: электр энергиясы мен суды үнемді қолдану, жер асты суы мәселесін шешу, қоршаған ортаның экологиялылығы мен абаттандырылуы. «Жасыл стандартқа» сәйкестігі туралы сертификат алған нысандар қоршаған ортаны аз ластайды және адам денсаулығы үшін қауіпсіз деп саналады.

Бұл тұрғыда 1990 жылы BREEAM ғимаратын «жасыл» стандартқа келтірген Ұлыбритания көш бастап тұр. Екінші дүниежүзі бойынша «жасыл» стандартқа LEED кіреді (энергияны үнемдеу және табиғатты қорғау жобасындағы көшбасшылық), оны 1998 жылы USGBC («жасыл» ғимараттар бойынша АҚШ кеңесі) әзірлеген. Келесі орында Канада: бұл елдің үкіметі 2005 жылы барлық федералды ғимараттар LEED CanadaGold стандарты бойынша жобалануы тиіс болған заң қабылдады.

Біздің елде де экологиялық құрылыс стандарттарын әзірлеу туралы мәселе тұр. Бірақ бәрі әлі ниет пен жоспар күйінде ғана. Алайда бірқатар құрылыс компаниялары, мысалы BI-Group, Базис-А және басқалары дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

-Елімізде типтік құрылыс туралы және оған қажетті құрылыс комбинаттарын қайта жаңғырту қажет екені көптеп айтылуда. Не үшін біз типтік жобалау мен құрылысқа көшуіміз қажет?

 

-Типтік жобалау дегеніміз не? Ол сериялық құрылыс пен өндіріске арналған ғимарат, құрылыс, бөлшектер мен т.б. өнімдердің біркелкі жобасын әзірлеу. Белгілі болып отырғандай типтік жобалар алдағы құрылыста көптеп жүзеге асырылады. Сонымен қатар, типтік жобамен салынатын құрылыс нысандары жеке жобамен салынған дәл осы сияқты нысандардан 8-12%-ға төмен.

Атап өтейін, біздің құрылыс істері және ЖКХ комитеті нысандардың типтік жобаларын әзірлеуді ұйымдастырумен айналысады. Оған тек қана тұрғын үй кешені емес, экономиканың барлық салаларына қажетті нысандардың құрылыстары да қамтылған, оған тапсырысты әр саланың мекемелері мен министрліктері береді. Мұндай жұмыстар бюджеттік кодекске сәйкес жүргізіледі. 2008 жыл мен 2013 жылдар аралығында біз шамамен 10 мемлекеттік органның тапсырысымен 89 типтік жобаны әзіредік. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында индустриалды тұрғын үй құрылысының жүйесі бойынша тұрғын үйлердің типтік жобасы әзірленуде. Осыған байланысты үкіметтің тапсырмасымен келер жылдары индустриалдық құрылыс комбинаттарының ауқымы кеңеюі үшін тұрғын үйлермен қатар білім және денсаулық сақтау нысандарының құрылыс қаңқасымен панельдік технологиялардың типтік жобаларын әзірлеу қарастырылды.

 

- Индустриалды үй құрылысының бір ғана комбинатын салу, қосу және өндірістік қуатта шығару үшін қанша жыл қажет? Қазақстан үшін қаншасы керек?

 

-Бұл өндірістегі өнім шығаратын технологияның қолданылуына байланысты. Құрылыстың жүруі мен мұндай кәсіпорындарды іске қосу шығаратын өнімнің түріне тікелей байланысты. Қажетті зауыттардың саны да шығаратын өнімнің сұранысына тікелей байланысты. Тәжірибе көрсетеді деп ойлаймын.

 

-Мұндай типтік құрылысқа көшу - қолжетімді баспананың бір адамға шаққанда ең аз аумақта салынатынын көрсете ме, КСРО кезінде 8 ш.м болғаны есімізде? Бүгінде “Қолжетімді баспана” бағдарламасында біз қандай шаманы басшылыққа алып отырмыз?

 

-Қазақстанда тұрғын үйдің көлеміне байланысты ең төменгі шама жоқ. “Тұрғын үй ғимараттары” ҚР СНжЕ 3.02-43-2007 -ге сәйкес тұрғын үй көлемінің 1 адамға шаққандағы мөлшері сол тұрғын үй ғимаратының бөлінуіне байланысты. Мәселен, I класс - 25 ш.м; II класс 25 ш.м-ге дейін; III класс - 18 ш.м-ге дейін; IV класс - 15 ш.м.

Атап айтайын, көбіне республикалық бюджеттен салынатын тұрғын үйлер III және IV класстық жайлылықта тұрғызылады.

 

-Сіздің пайымдауыңызша “Қолжетімді баспана - 2020” бағдарламасының ғұмыры қандай болады? Ол құлдыраған жағдайда кім жауапқа тартылады, немесе табысының игілігін кім көреді?

 

-“Қолжетімді баспана - 2020” бағдарламасының ұйымдастырушысы өңірлік дамыту министрлігі болып табылады. Бағдарлама 2012 жылдан бастап жүзеге асырылуда, бүгінде толықтай алғанда алға қойылған мақсаттар табысты орындалуда деп айтуымызға болады. 2012 жылы 6,05 млн.шаршы метр жоспарланған болса, барлық қаражат көздерін пайдалана отырып 6,7 млн.шаршы метр игерілді. 2013 жылы 6,6 млн.шаршы метр жоспарланды одан 6,8 млн.шаршы метр іске қосу күтілуде. Сондықтан ешқандай құлдырау болмайды деп сенеміз. 2020 жылға таман 10 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деген басты қойылған мақсатымызға біз жетеміз.

 

-Сұхбатыңызға рахмет!  


adimage