Ноғаев Теңіз туралы: бұл мәселе еңбек жағдайының әр түрлілігінен туындап отыр

Күні: 11:33, 01-07-2019.

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Теңіздегі проблема еңбек жағдайының әр түрлілігінен туындап отыр, деп мәлімдеді 30 маусым күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
«Бұл мәселе еңбек жағдайының әр түрлілігінен туындап отыр, бұл жүйелі мәселе, оны ТШО басшылығына да («Теңізшевройл» ЖШС - ҚазТАГ), барлық мердігерлерге де шешу керек. Біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторлар біздің елдің аумағында жұмыс жасай отырып, заңнаманы, сондай-ақ ешкімнің ар-намысына тимейтіндей моральдық – этикалық нормаларды сақтау қажеттігін түсінулері керек. Жақын арада біз барлық жоба қатысушыларымен кездесу өткіземіз, оған компанияның барлық бірінші басшылары қатысатын болады. Бұл мәселелерді шешетін боламыз. Оның бірі – еңбек жағдайы барлығы үшін бірдей болуы тиіс», - деді Ноғаев «Теңіз» жұмысшылар кентіне барғандағы ТШО басшылығымен жиналыста.
Өз кезегінде «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер аталмыш жағдайды реттеу үшін және болашақта мұндай тұрмыстық жанжалды болдырмауға барлық жағдай жасалатынын мәлімдеді.
«Біз жанжалды тез реттегені үшін жергілікті атқарушы және құқыққорғау органдарына ризамыз. Өз тарапымыздан CСЕР (Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore – ҚазТАГ) компаниясына, сондай-ақ басқа да мердігер мекемелерге қатысты жұмыстар жүргізетінімізді мәлімдейміз», - деді Боннер.
Атырау облысы әкімдігінің ақпарынша, Ноғаев жиналыстан кейін CСЕР компаниясының жұмысшыларымен кездескен. Кездесу барысында компания қызметкерлері әкім мен ТШО басшылығынан адамдар өз міндеттерін орындауға кірісу үшін жоба жұмысын тоқтатпауды сұрады.
«Біз облыс әкімінің бірінші орынбасарының басшылығымен ведомствоаралық комиссия құрдық, ол еңбек жағдайының тең болуын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын болады. Сіздер комиссия құрамына өз өкілдеріңізді кіргізе аласыздар, менің әрпітестерім сіздерге нөмірлерін қалдырды, бізге жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды беріңіздер. Біздің жұмыс кестемесізде ешқандай өзгеріс болмайды, жұмыс стандартты режимде жалғасады», - деді Ноғаев.
Еске сала кетейік, араптың әлеуметтік желідегі жарияланамы үшін Теңізде 3GI зауытында 1 мыңдай жұмысшы ереуілге шыққан.
Атырау облысы әкімдігінде мәлімдегендей, 29 маусымда шамамен 11.00-де «Теңіз» жұмысшылар кентінде (аталмыш кен орны Атырау қаласынан 340 ш, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 ш. қашықтықта орналасқан) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесінде жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің «WhatsApp» профиліндегі жақында жариялаған суретіне ашуларын білдірген, ол суретте ливиялықтың қолында рациясы бар, ал оның антеннасы қызға қарай бағытталған.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, оқиға орнында уәкілетті органның барлық лауазымды тұлғалары, аудан прокуроры бар, жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі де ұшып шыққан, ПД, ҰҚКД өкілдері, облыс прокуроры да келген, оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр.
Кейін белгілі болғандай, энергетика бірінші вице-министрі Досмұхамбетов кешке Атырауға ұшып шықпақ.
Кейін Ливиялық Эли Дауд қазақстандықтар алдында кешірім сұраған видеохабарламасын жариялады. Атырау облысы полиция департаменті «Теңіз» жұмысшылар кентіндегі бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Аталмыш жағдай барысында 30 шақты адамға медициналық көмек көрсетілген, қаза тапқандар жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: