Ноэлин ХЕЙЗЕР: ЖАСТАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЮ АРҚЫЛЫ БІЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАЙМЫЗ

Алматы. 13 тамыз. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) мәліметтері бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағында (АТА) 50 млн жас азамат жұмыс іздеу үстінде. Шектеулі экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің салдарынан олардың көбі жоғары қауіппен байланысты жұмыстарға орналасуға мәжбүр. Үлкен перспективалар болмағандықтан, көбі жұмыс іздеуден мүлде бас тартады. АТА-ның еңбек нарығындағы жағдайдың қалай дамып жатқандығы жайлы ҚазТАГ тілшісіне БҰҰ бас хатшысының орынбасары, АТМЭӘК атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзер әңгімеледі.

 

- Ноэлин, біз «жастар – біздің болашағымыз» деп ойлап үйренгенбіз. Бірақ, бұл жиі тек тілек, әдемі ой сияқты көрінеді. Осы жайлы сіз не ойлайсыз?

 

- Әрине, мен «жастар – біздің болашағымыз» деген тұжырыммен толық келісемін. Таяуда өткен «Рио+20» тұрақты даму жөніндегі БҰҰ конференциясы бүкіл әлемнің назарын біздің қалаған болашағымызды құру мәселесіне аудартты. Және осы болашақтың іргетасы жастар болып келеді.

Айтпақшы, АТА-да әлемдегі жастардың 60% астамы өмір сүреді, ал бұл15-24 жас аралығындағы 750 млн астам жас әйел және ер адам. Олар біздің аймақ елдерінің басты жетістігі саналады.   

 

- Жастарға әлемдік қаржы дағдарысы мен одан кейінгі әлемдік экономиканың тоқырауы қалай әсер етті? 

 

- Халықтың басқа топтарына қарағанда ең көп зардап шеккен жастар. Былайша айтқанда, АТА ғаламдық экономикалық өсімніңдинамикалық қозғаушысы саналады.  Дегенмен, жас адамдардың қазіргі ұрпағы белгісіздік кезеңінде өсіп-жетіліп келеді. Әлемдік экономика және қаржылық нарықтар тұрақсыздық кезеңін бастан кешіруде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі басым, білім беру жүйесінің жаңа талаптарға үйренуі қажет. Біздің жас ұрпақтың денсаулығы мен оның жақсы тұрмысынакөптеген қауіптер бар.

Атап айтсақ, АТА үшін, тіпті бүкіл әлем үшін басты проблема жастарды жұмыспен қамту саналады. Еуропалық тәуелсіз қарыздың дағдарысы АТА-ға да әсерін тигізген сыртқы сұраныстың азаюына әкелді. Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерінде өнеркәсіп өнім өндірісі төмендей бастады. Шет мемлекеттер  тарапынан сұраныстың азаюынан экспортқа бағытталған экономикасы бар көптеген елдер өндірістерін қысқарта бастады. Жұмыс орындарын қысқарту және әлеуметтік қамсыздандырудың  шығындарының қысқартылуы әсіресе жастарға көп залалын тигізеді. 

 

- Ең көп зардап шеккен жастардың санаттары бар ма?

 

- Әрине, бұл жас әйелдер. Егер жалпы жағдайға қарайтын болсақ, онда бүгінгі күнгі  жастардың жұмыспен қамтылуын сенімсіз деп сипаттауға болады. Жастардың көбі жалақысы аз, еңбек жағдайлары нашар, әлеуметтік қорғауы жоқ тұрақсыз жұмысқа ие.

Және жоғарыда аталғандардың барлығы көбінесе әйелдерге тиесілі. Жас әйелдер еңбек нарығында дұрыс ұсынылмаған, сондықтан экономикалық өсім мен даму үшін пайдаланылмаған ресурс болып саналады. Оңтүстік Азияда жас әйелдердің бар-жоғы 30% еңек нарығында ұсынылған, ал жас ерлердің пайызы бұл көрсеткіштен екі есе артады.

 

- Сіз әлемдік экономика үшін қиын сәтте тұрмысы нашар отбасылардан шыққан жастар ең көп зардап шегуі мүмкін дегенмен келісесіз бе?

 

- Шынымен де солай болып жатыр. Аймақта әлеуметтік теңсіздіктің өсуімен бірге  еңбек нарығында әлеуметтік-экономикалық статусы төмендер осалсаналады. Дегенмен, бұл санаттағы жастар еңбек жолын бастамай тұрып, тиімсіз жағдайда болады, себебі отбасылық табыс пен сәйкес білім алу мүмкіндігі арасындағы байланысты да қарастырған жөн. Бәрімізге белгілі, тұрмысы нашар отбасылардың балалары өздерінің жақсы қамтылған құрдастарына қарағанда сапасы төмен білім алады. Бұл өз кезегінде олардың болашағы бар жұмысқа орналасуына кедергі келтіреді.

Сондай-ақ, атап өту керек, жастар үшін жұмысқа орналасу материалдық табыстың көзі ғана емес, бұнымен қоса олардың өз-өзін құрметтеу сезімін арттырады. Жақсы жұмыстың жоқтығынан жастар экономикадан тысқары, әлеуметтікоқшаулауда қалады, бұл өз кезегінде саяси тұрақтылық үшін жағдай жасайды.

 

- Парсы шығанағындағы және Солтүстік Африка елдеріндегі саяси апаттарда басты әрекет етуші күш жастар болды... Сіз АТА-дағы жағдайды реттей алатын ұсынысты жасауға дайынсыз ба?

 

- Әрине, бұған жаңа ештеңе қосып айта алмаймын. Қазіргі жағдай оқудан жұмысқа ауысудың тиімді жүйесін қамтудың үлкен қажеттілігін көрсетеді. Біз жастарды еңбек жолына дайындау үшін білімге және кәсіби дайындыққа көбірек инвестиция құюымыз керек. Біз жақсы жұмыспен қамту бағдарламасының көмегімен жас ұрпақ үшін тиімді әрі «жасыл» жұмыс орындарын ашу арқылы жұмысбастылықты ұлғайтуға негізделген дамуға ұмтылуымыз керек.

Біз жас әйелдер мен ер адамдар үшін тең мүмкіндік жасауымыз керек әрі кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектесуіміз керек. Сондай-ақ, біз салауатты өмір салтын ынталандыратын,зиянды әрі қауіпті әрекеттер үшін мүмкіндіктерді  қысқарту үшінжастарға бағытталған ақпарат пен қызметтерді ұсынуымыз керек.

 

- Барлығына бұрыннан аға буын мен кіші буын арасындағы дау белгілі. Жастар көбінесе аға буынның айтқан ақылын көтермейді,  дегенмен өздерінің ойларына құлақ ассын деп талап етеді. Сіз осы жайлы не ойлайсыз?

 

- Бірден айтайын, ақыл-өсиетпен проблеманы шеш алмайсың. Айтпақшы, көптеген Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымдарындағы аға буынның басым болу тенденцияларының қарқыны бізге ұрпақтар сабақтастығын бекітуге үлкен мүмкіндік береді, себебі жұмысшы аға буын болашақта барлығын жастарға сеніп тапсыратын болады... Біз жас азаматтарды одан әрі даму үшін әріптес ретінде тануымыз керек.

Бүкіл әлемде қоғамның түрлі топтарынан шыққан жастар әлеуметтік қозғалыстарды басқарып, қоғам арасындағы статус-квоны қабылдамайды. Олар жауапкершілікпен жұмыс атқара алатын, үлкен мүмкіндіктер мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ете алатын саяси көшбасшылыққа шақырады. Олар бизнес және өнеркәсіп саласындағы азаматтарға жауапкершілігі бар, ашық әрі әділ іскерлік тәжірибені қолдауға шақырады. Олар өздерінің айтқандарының адамдардың құлағына жеткендігін қалайды, және өздерін тек ертеңгі көшбасшы емес, бүгінгі әріптес ретінде қабылдануын талап етеді.

 

- Сіздің ойыңызша, бұл үшін не істеу керек?

 

- АТА-да жастардың ұлттық шешім қабылдау үрдісіне қатысуы үшін жастар парламенттері сияқты институттар мен жастардың көшбасшылығын қолдайтын басқа да механизмдерді қалыптастыру мәселесінде көптеген нәтижелерге қол жеткізілді.

Бұл жетістіктерді жастардың динамикалық энергиясы мен шығармашылық күштерге арқа сүйеп дамыту керек. Біз барлық жас азаматтарға олардың нәсіліне, жынысынаа, әлеуметтік-экономикалық статусына қарамастан, олардың жан-жақты дамып, экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірге қатысуы үшін қол ұшын беруіміз керек. АТА біздің жастарға инвестиция құю арқылы, барлығымызды толыққанды, сыртқы факторларға байланыссыз, сенімді болашақпен қамтамасыз ете алады.

 

- Сұхбатыңызға рахмет.


adimage