Әнуар Үшбаев: Қазақстан экономикасы үшін ең бірінші қауіп – қаржы жүйесінің тұрақсыздығы

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қаңтардағы ең арзан бағамен салыстырғанда мұнай бағасы көтерілгенімен Қазақстан экономикасы үшін қауіп жоғары болып қалып отыр. Банк секторындағы ауыр жағдай мен инвестициялардың келуінің төмендеуі халық кірісі мен экономиканың одан ары құлдырауына әкелу қаупін тудыруда. Өз кезегінде ол қаржылық тұрақсыздық қаупін күшейтуде.
Қазақстан экономикасы үшін ең басты қауіптер қандай? Банк секторы қандай күйде және оның келешегі қандай? Қалыптасқан жағдайда не істеуге болады? Ұлттық банктің қатаң ақшалай-кредиттік саясаты қайда апарады? Осы және басқа да сауалдарға біз Tengri Partner басқарушы серіктесі Әнуар Үшбаевтан жауап беруін сұраған едік.


- Қазақстандағы экономикалық жағдай оптимизмге себеп бермейді. Сіз Қазақстан экономикасы үшін мұнай бағасының төмен болып тұруынан басқа қандай ең негізгі қауіп көріп отырсыз?


- Қазақстан экономикасы үшін ең басты қауіп – қаржы жүйесінің тұрақсыздығы. Екінші ең басты қауіп – ол халықтың кірісінің деңгейінің елеулі төмендеуі. Ол экономикаға инвестицияның келуінің төмендеуімен пайда болып, ол сұраныс пен ЖІӨ-нің одан сайын сығылуына әкеледі.
Үшінші елеулі қатер – мемлекеттік бюджетті қаржыландырудың тұрақсыздығы. Бүгіндері оның шығындарының 40%-дайы Ұлттық қор трансфертінен қаржыландырылып отыр, ал 2006 жылы ол көрсеткіш ноль болғанды. Ол дегеніңіз Ұлттық қор қаражатын толық жаратып қоятын болсақ, Қазақстан бюджеті екі рет сарт етіп жабылады деген сөз. Ол шешуді қажет ететін үлкен проблема. Бірақ оны қалай – ол күрделі мәселе.


- Осы проблеманы шешу үшін не істеу керек?


- Ең қарапайым жэауап – уақыт машинасын алып, 2002 жылға қайта оралып, сәл ақылдырақ әрекет ету. Ал шынымен айтатын болсақ, ол үшін кешенді шаралар керек, ал ол туралы бір сұхбат ауқымында айту мүмкін емес. Бізге реформаторлар үкіметі керек. Бізге билік басында технократтар керек. Ақылмен жасалатын заттар көп. Ол үшін Қазақстанда барлық ішкі ресурстар бар. Оған тек саяси ерік жетіспейді.



- Банк секторына егжей-тегжейлі тоқтайықшы. Банктер өткен дағдарыстан толық арылып болмай жатып, қайтадан қысым астында қалғаны құпия емес. Капиталға қатысты, активтер сапасына, кредиттеуге, кірістілікке қатысты проблемалар күшейе түсті. Активтердегі және міндеттердегі валюталық дисбаланс проблема болып қалып отыр. Нәтижесінде теңгелік өтімділік тапшылығының мәселесі өте өткір болып отыр. Осы проблемалар неге әкелуі мүмкін?



- Ең оптимистік жол – ол банктердің экономиканы кредиттеуі алдағы екі-үш жылда өспейтіндігі, осы аралықта банктер өте баяу өз баланстарын тазартады.
Екінші жолы. Банктерде дефолттар басталып олардан халық өз қаражаттарын әкетуді бастауы. Нәтижесінде үкіметтің араласуына тура келіп, проблемалық кредиттерді сатып алып, банктерді күштеп қайта капиталдандыру және т.б. тура келеді. Бұл ең пессимистік жол.
Бірақ бір мәнді түрде анық айтуға болатыны – мемлекеттің белсенді араласуынсыз банктердің проблемасын шешу мүмкін емес.


- Бірақ реттеушінің мәліметтері былтырғы жұмыс істемей тұрған қарыздарға қатысты жағдай түбегейлі өзгергенін айтып тұрғандай. Шын мәнісінде банктердің проблемалық кредиттеріне қатысты жағдай қалай өзгерді?



- Біріншіден, мен ресми статистиканы мойындамаймын. Ол проблемалық займдар 15% азайды-мыс деп көрсетіп тұр. Мұның барлығы түк емес. Ол бухгалтерлік алхимия деп аталады. Шын мәнісінде проблемалық кредиттер деңгейі бұрынғысынша жоғары деңгейде, бірақ бүгіндері ол банктердің стресстік активтерді басқару бойынша еншілес мекемелермен бүркемеленген.
Яғни банктерге «еншілестерін» ашуға мүмкіндік берді. Олар 100% ЕДБ-ге (екінші деңгейдегі банктерге – ҚазТАГ) жатады және оларға банктердің кредиттік желілері беріледі. Осы қаражатқа банк балансындағы проблемалық кредиттер сатып алынады да осы еншілестердің балансына аударылады. Бірақ соңғылары идея бойынша банк баланстарын нашар займдардан тазалаушы болудың орнына, шын мәнісінде ЕДБ-лердің проблемалық активтерінің атаулы иелері болып табылады.
Бұл ретте проблемалық активтерді сату өте баяу жүріп жатыр, себебі олардың көбі тым артығымен бағаланған. Егер олар нақты бағаларымен сатылатын болса, олар бойынша капитал жоғалуы орасан зор болады.
Сондықтан да банктер реттеушінің талаптарын (жұмыс істемейтін кредиттерді азайту бойынша – ҚазТАГ) орындауда өте артта қалып келеді. Осы проблеманы шешудің жалғыз әдісі – ол мемлекет көмегі ғана.



- Проблеманың күрделеніп тұрғандығы ресми мәліметтерге қарамастан банктердің кредиттеу көлемі құлап келеді, ал ол несиелік портфельдің сапасына теріс ықпал етуде. Бұл банк активтерінің сапасының көрсеткіштеріне қаншалықты күшті теріс ықпал ете алады?


- Иә, банктердің жұмыс жасап тұрған кредиттік портфелі қысқаруда. Былтырдан бері – шамамен 8%-ға. Бұл ретте проблемалық қарыздардың азаюы едәуір баяу өтуде. Ол аз десеңіз ай сайын жұмыс жасамайтын жаңа кредиттер пайда болып отыратындығына мен сенімдімін, әсіресе бұрындары шетелдік валютада берілгендері. Мен көптеген кәсіпорындардың мысалын білемін, олар 2009 жылдан және алдыңғы жылғы девальвациядан бастап ең түбіне жеткен шығармыз деген үмітпен валюталық қарыздар алған. Қазір олар елеулі проблемаларға тап болып отыр.



- Ендеше биыл экономикалық ахуалдың теріс жағдайында банк секторындағы проблемалық кредиттер үлесі қаншалықты өсуі мүмкін?


- Шамамен тағы да 10-15%. Бірақ ол қордаланған проблемалық займдарды ескергенде – өте көп, себебі банк балансының жартысы проблемалық кредиттен тұратын болса, ол жұмыс жасамайтын қаржылық жүйе. Сондықтан қазір экномиканы банктермен кредиттеудің өсуі еш мүмкін емес.
Ол аз десеңіз, қанша дегенмен банк борышкерді кредит алуға міндеттей алмайды. Банктердің өздері салыстырмалы түрде өте қымбатқа қорланады, ал қазір олардың кредиттік портфелінің жартысына жуығы ғана жұмыс жасайтынын ескерсек, олар барлық депозиттердің қорлануын жабу үшін соның есебінен жетерліктей пайда табуы тиісті. Сәйкесінше банктер кредиттер бойынша мөлшерлемелерді тым төмендете алмайды, ал бар мөлшерлемелер бойынша, бір де борышкер банктік займ алмайды.
Бұл ретте проблеманың күрделі болып тұратындығы, қазір банк кредиттеуге дайын тұратын сапалы займшыл жоқ. Ол аз десеңіз сұранысы мен экономикасы қысқарғанын сезінген бизнес кредиттерді жабатындай пайда таппайды. Сәйкесінше онда займдық қаражатқа деген сұраныс жоқ. Сондықтан қазір банктерде кредиттік портфельдің өсу көзі жоқ.


- Осы жағдайда банктердің капиталының жеткіліктілігіне қатысты проблема қаншалықты күшті болады деген сауал туындайды.



- Біріншіден, жекелеген банктер тіпті ресми статистика бойынша реттеушінің капитал жөніндегі ең төменгі талаптарына тақап келді. Екіншіден, егер үлесті нақты мойындасақ және проблемалық активтерді ағымдағы құнымен қайта бағаласақ, онда көптеген банктерде теріс капитал барлығы анықталады. Дәл сол үшін ол жасалмай отыр.
Идея бойынша, 2009 жылдан бері жыл сайны жұмыс жасамайтын кредиттердің 5%-ын шығарып тастап отырсақ, банктерде проблемалық портфельдер қазір болмас еді. Бірақ олай болмады, себебі барабар провизия жоқ жағдайда шығындарды мойындай отырып, көптеген банктер бұрын-ақ теріс капиталға ие болған болар еді.
Мен, жеке капиталдың жеткіліктілігіне қатысты реттеушінің талабының артуы қуатты тұрақтандырушы фактор болады дегенге үміт етпеген болар едім, себебі несиелік портфельдерінің жартысы проблемалық болып отырған банктерге капитал бойынша тіпті 20%-дық шек те көмектесе алмайды.
Сондықтан осы проблеманы шешудің жалғыз жолы – ол мемлекет тарапынан капиталға қаржылық көмек көрсету. Және жақында ол өткір қажеттілік болады.


- Яғни, биыл ма?


- Әбден мүмкін.

- Ұлттық банктің ақшалай-кредиттік саясаты туралы әңгімелесейікші. Ол бізде бағам еркін деп мәлімдеуін қоймады. Бірақ сонымен қатар реттеуші ақпан мен наурызда валюталық нарықта белсенді түрде интервенция жүргізді, және де теңгенің нығаюына қарсы. Осындай жағдайда бізде шынымен де еркін бағам режимі бар деп айтуға бола ма?



- Бұл семантикалық мәселе, біз нені еркін бағам деп айтамыз, ал нені айтпаймыз. Бірақ мен айта аламын, әзірге Ұлттық банк (валюталық нарықта интервенция арқылы – ҚазТАГ) соңғы екі жылда елеулі сарқылып қалған өзінің резервтерін толтыратын болса, және сол арқылы бағам қалыптасуына ықпал ететін болса, ол режимді толық еркін деп айту мүмкін емес.


- Реттеуші базалық мөлшерлемені 17% деңгейінде ұстап отыруды жалғастыруда. Әрине, ол оны инфляциямен күресу және валюталық нарықтағы алып-сатарлықпен күресу деп түсіндіретіні түсінікті де. Бірақ ол банктер тарапынан экономиканы кредиттеу құлдыраған және банк секторының өзінде елеулі проблемалар бар жағдайында ол қаншалықты ақталған?



- Ұлттық банк түріндегі мемлекет бұл жерде екіұдайы таңдау алдында тұрғанын түсіну керек: не мөлшерлемені жіберіп, теңгенің әлсіреуіне жол беру керек, не мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап тұрып, экономиканың нақты секторын құрбан ету. Мен білмеймін, реттеуші қандай факторлар арқылы қажет балансты айқындайтынын. Бірақ, қандай да жолмен анықтап, бүгіндері 17% мөлшерлеме барабар болып табылады дейді.


- Ал Сіз реттеушінің осындай саясатымен келісесіз бе?

- Мен осы жүргізіліп отырған саясатпен келісемін дей алмаймын, бірақ Ұлттық банкке бәлкім белгілі шығар.

- Бірақ өзінің қатаң ақшалай-кредиттік саясаты арқылы реттеуші экономиканың нақты секторына қарсы келіп отыр ғой және сол арқылы іскерлік белсенділіктің артуына септігін тигізбейді ғой.


- Мен оны әдейі жасалып отыр деп есептемеймін. Ол мәжбүрлі шара. Ұлттық банк осы қалыптасқан жағдайда өздері аз деп есептейтін зиянды алады. Ол екі проблеманы оңтайландыру мәселесі.



- Жақында реттеуші теңгелік депозиттер бойынша ұсынатын мөлшерлемелерді 15%-ға дейін көтерді. Ол экономикадағы іскерлік белсенділік төмен жағдайда қаншалықты өзін ақтаған шешім деп есептеуге болады?


- Мен басқаша жол жоқ деп ойлаймын. Мен депозиттер бойынша мөлшерлемелерді толығымен либералдау керек деп отырған жоқпын, себебі ол басқа проблемаларды тудырады. Бірақ ұсынылып отырған мөлшерлемелерді мейлінше арттыру – ол ақылды шешім, себебі салымшылардың ешқандай үлесі теңгемен қайтпайды.
Бұл ретте мен долларсыздану тренді бар деп жақында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың ресми айтқандарын теріске шығарамын. Меніңше ондай ешнәрсе де болып жатқан жоқ. Ал болып жатқаны – ағымдағы шығындардың орнын толтыру үшін және теңге нығайған соң доллардағы салымдарды қайта бағалау үшін долларлық депозиттерді алу болып жатыр.
Бірақ дегенмен, теңгелік өтімділік үшін ешқандай ынта бермесек, онда оның тапшылығына және долларсыздандыруға қатысты пробеманы шешу өте күрделі болады.


- Соңғы үш рет болған девальвациядан соң ЖІӨ, егер доллармен есептесек, күрт құлады, ал Қазақстанның валюталық қарыздары теңгемен есептегенде, керісінше, артты, және де өте қолайсыз макроэкономикалық жағдайда. Ол қаншалықты елеулі және ол неге апаруы мүмкін?

- Ұзақ уақыттан бері ағымдағы шот бойынша тапшылық факторлары мен үлкен сыртқы қарыздардың (девальвациядан соң ол бұрынғыдан да көп болып, оған қоса Қазақстанның нетто-инвестициялық позициясы) сай келуі жақсы есептелген триггерлер, ол төлем балансының дағдарысын тудырады. Және біз қайтадан одан алшақ кеткен жоқпыз.
Біз ауық-ауық девальвация жасап та отырмыз, бірақ жағдай жақсарып жатқан жоқ қой . Себебі Қазақстан секілді импортқа тәуелді, экономикасы әртараптандырылмаған елге ұлттық валютаны күрт арзандату көмектеспейді. Ол абсурд. Сондықтан сол кездегі форматта жүргізген девальвацияны мемлекеттің макроэкономикалық саясатындағы орасан зор қателік деп есептейді.


- Бірақ жаппай девальвация жүргізіліп қойды. Мұнай бағасы ақпан мен наурызда қаңтардағымен салыстырғанда жақсы болып, ол теңгенің ревальвациясына жағдай жасады. Бірақ ұлттық банк өзінің интервенцияларымен теңгенің бұрынғыдан да күшеюіне мүмкіндік бермеді. Осыдан келіп реттеуші қосарланған стандарттар қолданып отыр деген әсер туындамай ма?


- Өкінішке қарай, егер бағам едәуір әлсірей алады, ал нығая алмайды деген әсер туындайтын болса, онда ол нарықта бір жақты бағытталған күтулер қалыптастырады. Және ол елеулі қателік.


- Ал Ұлттық банктің бағам саясатын ол үкіметке кіріс пен шығыстардың жоспарын орындауына көмектесу ретінде бюджетте қарастырылған доллардың орташа бағамы $1 үшін Т300 және Т360 аралығында ұстап тұруға деген әрекетімен түсіндіруге бола ма?



- Ұлттық банк пен үкіметтің арасында ондай үйлестірушілік жоқ деп ойлағым келеді. Бірақ мен оны сенімді түрде айта алмаймын.


- Ал егер ондай бар деп болжасақ, ол неге апаруы мүмкін?



- Егер ондай бар болса, Ұлттық банк пен оның саясатына деген сенім арта қояды деп күтудің өзі бос сөз. Бірақ, мен қайталап айтамын, ондай үйлестірушілік бар немесе жоқ деп мен сенімді түрде айта алмаймын.


- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage