Нығматулин қылмыстық іс басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған - «антикор»

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Алена Субботина. Нығматулиндердің үлкені – Арғын Нығматулин қылмыстық іс басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев.

«Біз оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз. Тергеу амалдары басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған», - деді Құрақбаев бейсенбі күні сенат брифингінде.

Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, прокуратура жемқорлыққа қырсы қызмет желісі бойынша 2025 жылдың 3 наурызында Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды. Кейінірек Бас прокутатура Нығматулиндердің үлкеніне іздеу жарияланғанын және оның мемлекеттік қаржыны жымқырды деген күдікке ілінгені туралы растады. 5 наурызда ҚазТАГ хабарлағандай, Арғын Нығматулиннің іздеуде жүрген карточкасында оның суреті пайда болған. Бұған дейін қолданушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлері Нығматулиндер әулетінің үлкені туралы іздеу анықтамасын суретсіз жариялағанын атап өткен.

Нұрлан Нығматулин қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылғы 1 ақпанда Мәжіліс спикері қызметінен кетті - ол 2016 жылдан бері парламенттің төменгі палатасын басқарды, бұл оның екінші төрағалығы болды - бұған дейін 2012-2014 жылдары Мәжіліс спикері болған. Әр жылдарда президент әкімшілігін басқарды, Қарағанды облысының әкімі болды.

Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі Ерлан Нығматулин де Мәжілісте де, Сенатта да депутаттық мандатын иеленді.

Арғын Нығматулин – олардың үлкен ағасы, Қарағанды облысы мәслихатының бұрынғы депутаты.

Ағайынды Нығматулиндерге бірнеше рет рейдерлік басып алу, қылмыстық құрылымдар мен схемаларға қатысы болуы мүмкін, сондай-ақ қылмыстық істерді қолдан жасады деген айыптар тағылды, бірақ ағайындылар әлі де бостандықта жүр.

2025 жылдың 7 қаңтарында Нығматулиндерге рейдерлік шабуыл жасады деген жаңа айыптаулардан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевты құлатуға дайындалды деген күдікке ілінгені хабарланды.

adimage