Нью-Йоркте питбуль қазақстандық дипломаттың төрт жасар қызын аяусыз тістеп алған

Күні: 12:54, 03-10-2019.

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ - Нью-Йоркте питбуль БҰҰ- дағы Қазақстанның дипломатиялық миссия қызметкерінің төрт жасар қызын аяусыз тістеп алды, баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлады WCBS Radio.
«Төрт жасар қыз баланың жағдайы ауыр, оны Бронксте сәрсенбі күні ертеңгісін питбуль қапқан. Ит қапқан қыз бала БҰҰ жанындағы қазақстандық миссияда жұмыс жасайтын дипломаттың қызы екен», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, қыз бала Ривердейлде Форстер-плейске мектеп автобусын күтіп тұрған, сол кезде ит оны беті мен мойнынан тістеген.
Жергілікті полиция ақпарынша, питбуль қоршаулы аймақтан қашып кеткен.


Жаңалықтармен бөлісу: