Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бес жылда Т792 млрд жұмсамақшы

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бес жылда бюджеттен Т792 млрд жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 119 934 383,9; 2024 жыл - 158 140 538; 2025 жыл - 170 619 969; 2026 жыл - 171 765 815; 2027 жыл - 171 949 302», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т792 410 007 900.
«Міндеттер: Қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жай-күйін қамтамасыз ету және профилактикалық қызметті жетілдіру, қылмыстар мен әкімшілік бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру бойынша функцияларды орындау, заңнамада белгіленген құзыреті шегінде алдын ала тергеуді, анықтауды және әкімшілік өндірісті жүзеге асыру», - деп жобада жазылған .

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage