ОҚО ғалымдары шетелдік әріптестеріне түйе сүтінің емдік өнімін ұсынды

Күні: 11:03, 31-10-2014.

Шымкент. 30 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының ғалымдары халықаралық ICITE-2014 конференциясында өздерінің инновациялық өнертабыстарын ұсынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысының ғалымдары халықаралық ICITE-2014 конференциясында өздерінің инновациялық өнертабыстарын ұсынды. Біздің ғалымдардың өнертабыстарын жақын және алыс шетелден келген сарапшылар бағалады. Сонымен көрмеге 17 елдің профессорлары келген, оның ішінде АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Малайзиядан да бар», - деді бейсенбіде баспасөз қызметінен.  
Әкімдік ақпарынша, конференция өнеркәсіптік технологияларға және олардың өндірісте қолдануына арналған.  Әлемдік ғылыми қауымдастыққа оңтүстік қазақстандықтардың ерекше деген әзірлемелері ұсынылды.  
«Қонақтар түйе сүтінен емдік-диеталық өнім өндірісінің кластерлік технологиясына баға берді.  Бұл өнімнің құрамында иммуномодуляторлық қасиеті бар антителасы бар, ол туберкулезді, қант диабетін, бауыр және онкология ауруларын емдеуге пайдаланылады.  Табиғи түрі мен біздің өнімді салыстырғанда, оның қасиеттері 1 де 1 болып сақталған.  Тіпті С дәрімені де    95% сақталған», - деді агроөнеркәсіптік кешен және су ресурстары ҒЗИ директоры Мұсатилла Тоханов.
Оңтүстік қазақстандық ғалымдардың бұл ойы шетелдіктердің қызығушылығын тудырды, қазірдің өзінде ортақ жоба да бар, деп атап өтті әкімдікте.  
«Күріштің кебегінен біз май алғымыз келіп отыр.  Оны тамақ дайындауға пайдалануға болады.  Бұл жобаны біз қазақстандық әріптестермен бірге жүзеге асырамыз», - деді әкімдікте қытайлық қатысушы   Энджун Гаоға сілтеме жасап.
Конференцияны ұйымдастырушылар кейбір жобалардың   EXPO-2017 көрмесіне шығарылатынын атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: