ОҚО ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығына 100 АЕК-тен төлейді

Күні: 18:39, 13-11-2014.

Шымкент. 12 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстанда Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерге 100 АЕК мөлшеріндегі бір реттік материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлады ОҚО әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
«ҰОС ардагерлеріне 100 АЕК мөлшеріндегі материалдық көмек көрсетіледі. Оларға теңгерілген азаматтарға 5 АЕК мөлшеріндегі материалдық көмек көрсетіледі», - деп хабарлады сәрсенбі күні әкімшіліктен.  
Хабарда айтылғандай, бұл туралы сәрсенбі күні облыс әкмішілігінде Жеңістің 70 жылдығын тойлауға дайындыққа арналған отырыста мәлім етті. Әкімшілік мәліметтерінше, ол тойға дайындықты арнайы комитет жүргізеді. Шаралар жоспары облыс аудандарында талқылануда.
Қазір ОҚО-да 478 ҰОС ардагері, оларға теңестірілгендер - 2201, тыл еңбеккерлерінен - 22 432 адам қалды. Одан басқа, ауданда ерлерін Ұлы Отан соғысында жоғалтқан 28 жесір, және соғыс аяқталған соң ерлерінен айрылған 750 әйел мекен етеді.


Жаңалықтармен бөлісу: