ОҚО Қазығұрт ауданында әлеуметтік нысан құрылысына Т3,5 млрд жаратылды

Күні: 19:27, 12-11-2014.

Шымкент. 12 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында әлеуметтік нысан құрылыстарына Т3488,4 млн жаратылды, деп хабарлады  облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
«Осы қаражатқа ауданда 6 мектеп, балабақша, мәдениет үйі, 7 медициналық қосын, жатақхана мен ірі қара малды қолдан ұрықтандыратын 27 пункт салынды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі аудан әкімі Болатбек Қыстауовқа сілтемелеп.
Баспасөз қызметінен атап кеткендей, аудандағы 64 ауылдың 42-сінде су құбыры жұмыс істейді. Қазір 13 елді мекенде жер асты су ресурстары зерттелуде. Ауданда газбен қамтамасыз ету проблемасы шешілуде. Мысалы, 11 ауылда табиға газ бар. Барлығы газбен қамтамасыз ету бойынша 31 ауылда жұмыстар жүргізілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: