ОҚО Бәйдібек ауданында құс өсіру орталығын ашу жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасызе етеді

Шымкент. 20 шілде. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстанда Бәйдібек ауданында құс өсіру орталығын ашу жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасызе етеді, деп хабарлады облыс әкімшілігінен.
«Бәйдібек ауданында құс өсіру орталығын ашу жергілікті халықтың көбін жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазір 120 жұмысшының 30% жергілікті тұрғындар. Одан басқа, жобаның екінші бөлігін іске асырғанда ашылатын 400 жұмыс орнының 80%-ы Бәйдібек ауданының тұрғындарынан болады», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.
Әкімшіліктен атап кеткендей, құс өсіру орталығы 895 га жерде орналасады. Араб инвесторы Шейх Халифан жобаға қазірдің өзінде Т3,5 млрд салды. Қазір жобаның екінші бөлігін іске асыруға бәрі дайын, ол үшін тағы Т3,5 млрд тарту жоспарлануда.
Аудан әкімі Батырбек Көшербайдың айтуынша, «орталықты ауданда үлгілі салық төлеуші ету бағытында жұмыстар жүргізілуде».
Одан басқа, аудан басшысы экономиканы дамыту үшін мұнда 11 инвестициялық жоба іске асырылып, қосымша инвестициялар тартылады деп айтып берді.
Мысалы, травериндік тастарды өңдеу бойынша жалпы құны Т929 млн болатын 4 жоба іске асырылмақшы. Бәйдібек аудан басшыларының жоспарында балама энергетика өндірісінің 4 жобасын іске асыру және құрылыс материалдарын шығаратын цех ашу бар.
Одан басқа, ауыл шаруашылығында да 3 жоба іске асырылмақшы. Ол сүт-тауарлық ферманы және сүт зауытын ашу, сондай-ақ асыл тұқымды мүйізді ірі-қара мал өсіретін шаруашылық ашу.  

adimage