ОҚО Бадам индустриалды аймағында сүт-тауарлы фермасы құрылысының 30% аяқталды

Шымкент. 16 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында «Бадам» индустриалды аймағында сүт-тауарлы фермасы құрылысының  30% аяқталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қзыметінен.  
«Оңтүстік Қазақстан облысында «Бадам» индустриалды аймағында сүт-тауарлы фермасы құрылысының  30% аяқталды. «Бөрте» фермасы тәулігіне шамамен 20 тонна сүт өнімдерін шығарады. Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов құрылыс алаңына   барды», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
Өндіріске швейцариялық жаңа технологиядағы робот сауыншыларымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Асыл тұқымды сүтті бағыттағы «Гольштейн» тұқымды ірі қарасы жылына 6-7 мың литр сүт береді деп жоспарлануда. Жұмыс тобы «Агро-V» ЖШС-нің екінші жобасы 2014 жылы жұмысын бастаған қыш зауытын аралап көрді. ҮИИД мемлекеттік бағдарлама аясында ашылған кәсіпорын күніне 70 мың, ал жылына – 22 млн. дана керамикалық қыш шығарады.  
Сонымен қатар, өңір басшысы еліміздегі ең үлкен 16 гектар жерге орналасқан «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. кешен жылына 9 мың тонна өнім өндіреді. Заманауи құрылғылармен қамтылған жылыжайда 100-ден астам азамат жұмыспен қамтылған.
Бұдан соң өңір басшысы фермерлермен кездесті.  
Баспасөз қызметінде хабарлағандай, мал басын асылдандыру бағытында ауданда 3 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс жүргізуде. Солардың бірі «Ордабасы» шаруашылығы қазақтың қылшық жүнді қойын асылдандырады. Мұнда 8 мыңға жуық асыл тұқымды қой бар. Ал жалпы ауданда 7 мыңдай ұсақ қара мал басы бар.

adimage