ОҚО биохимигі өте дәл диагностикалық тест-жүесін ойлап тапты

Шымкент. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында Бауыржан Айтуов дәлдігі өте жоғары диагностикалық тест-жүйені ойлап тапты, - деп хабарлады «Шымкент-инновация» баспасөз қызметінен.
«ОҚО биохимигі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу арқасында ерекше жобаны жасады. Генетик Б. Айтуов 3 млн теңгелік грант жеңіп алып, зерттеуін жалғастыра алды», - деп хабарлады дүйсенбі күні баспасөз қызметінен.
Ғалымның өзінің түсіндіруінше, өте қымбат зертханалық зерттеулерді кез келген ауыл ауруханасында да жүргізуге болады және ол үшін өте қымбат ПЦР-амплификаторлар керек емес. Өзімен ниеттес әріптестері - биохимик Әділбек Жолжасов және генетик Болат Сұлтанқұловпен бірге ол сынама жасау үшін тест-жүйені ойлап тапқан.
«ПЦР-тест жүйесі Қазақстанға шетелден әкелінеді, оған қоса миллиондаған теңге тұратын жабдықтар керек. Біздің ПЦР-жүйеміз ПЦР-амплификаторларсыз жұмыс істей алады және қарапайым су моншасы болса жеткілікті», - дейді Б. Айтуов.
Қазір ғалымдар авторлық құқығын өздеріне бекіту үшін осы ҚР инновациялық жобасына жаңалық ашылғандығы туралы сұраным берді.

Одан соң олар жаңалықтарын фармокомитетте тіркетуге тырысады. Жаңалық авторлары өздерінің дәлдігі өте жоғары диагностикалық тест-жүйесі адам мен жануарларда вирустық инфекциялық ауруды анықтағанда қолданылады деп сенеді. Анықталатын аурулар арасында – гепатиттер, герпес-вирустары, папилломалар мен т.б.
Ғалымдардың айтуынша, 150 зерттеу тамаша нәтижелер көрсетті. Жаңа жүйе талдама жасау уақытын 2 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартады. Талдама құны Т25 мыңнан Т8 мыңға дейін арзандайды.
Полимеразная цепная реакция (ПЦР) – (Полимеразды тізбекті рекция) – биологиялық материалдағы (сынамадағы) нуклейн қышқылының (ДНК) белгілі фрагменттерінің аз концентрациясын едәуір көбейтуге мүмкіндік беретін молекулярлық биологияның тәжірибелік әдісі.

adimage