ОҚО-да 100-ден астам мемқызметкер басқарманың заманауи ақпараттық жүйелерімен танысты

Шымкент. 15 желтоқсан . ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының 100-ден астам шенеунігі персоналды басқару жөніндегі семинарға қатысты, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-ның 100-ден астам шенеунігі персоналды басқару жөніндегі семинарға қатысты. Мемлекеттік қызметкерлерге заманауи ақпараттық басқару жүйелері таныстырылды», - деді дүйсенбі күні әкімшілік баспасөз қызметінен.
Мемқызметкерлер үшін семинарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізді. Оған ОҚО-ның барлық аудандық және қалалық әкімшілік өкілдері қатысты.  «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ вице-президенті Исатай Сағындықов заманауи ақпараттық технологияларды енгізу меморгандардың кадрлық қызметінің тиімділігі мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп атап өтті.
«2015 жыл соңына қарай агенттіктер мен меморгандардың персоналды басқару қызметінің жұмысын автоматтандыру үшін ықпалданған «е-қызмет» ақпараттық жүйесін құру жобасын аяқтау жоспарлануда. Жаңа жүйе мемлекеттік қызметкерлер туралы кадрлық толық ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді», - деді И. Сағындықов.
Оның айтуынша, бұл қағаз құжаттар айналымын азайтып, мемқызметтегі бос орынға байқау жарияланғанда ашықтықты арттырады.  

adimage