ОҚО-да 19 индустриалдық аймақ құрылысы жүріп жатыр

Шымкент. 13 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында 19 индустриалдық аймақ құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
«Оңтүстік Қазақстанда 19 индустриалдық аймақ құрылысы жүріп жатыр. Бүгінге олардың жалпы ауданы 153 га болатын 4-еуі Шымкентте пайдалануға тапсырылуда. 2 индустриалдық аймақ пайдалануға Түркістан мен Созақ ауданында тапсырылуда», - деп хабарлады облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен.
Әкімшіліктен атап кеткендей, 2016-2017 жылдары Арыс, Сайрам, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы ауданында Төле би қалаларында тағы 7 индустриалдық аймақ құрылысы аяқталады. Одан басқа, агроиндустриалдық аймақ Шымкент маңында да салынады.
«Сөйтіп, өңірде өнім шығаратын және бизнес жүргізу үшін 975 гектар аумақта өндірістік алаңдар жасалады», - деп қадап айтты әкімшіліктен.  
Одан басқа, баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 292 гектар жерде «Бадам», «КТИЗ» және  «Тассай» индустралдық аумақ құрылыстары жүріп жатыр. Олар фармацевтиканы, металлургия және машинажасау саласын кластерлік дамуына бағытталады. Осы индустриалдық аумақтарды тұрғызуға тартылған инвестиция көлемі Т82 млрд болды.
Сондай-ақ өңірде қазақ-қытайлық индустралдық аймақ салу жоспарлануда. Ол үшін Хэбэй, Шаньси, Шаньдун провинцияларында қытайлық халықаралық сауда палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Облыстық әкімшілік мәліметтерінше, ОҚО-ның барлық индустриалдық аумақтарында 148 инвестициялық жоба іске қосылды, бұл ретте олардың 75-сі облыс аудандарында іске асырылды.
Барлық жобалардың жалпы құны Т176,9 млрд,  15 мың 829 жаңа жұмыс орны ашылды.

adimage