ОҚО-да 9 айда өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,4%-ға артып, Т460,6 млрд болды

Шымкент. 6 қараша. ҚазТАГ - 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста жалпы құны 460,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста жалпы құны 460,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,4% құрады», - деп хабарлады жұмада баспасөз қызметінен.  
Әкімдікте түсіндіргендей, облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 27,6% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 32,3% артып, 126,8 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі – 97,3%, немесе өнім көлемі 289,8 млрд. теңгені құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 36 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 71,7% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібін өндіру – 42,0%, яғни мамандардың есебі бойынша  8451 тонна өндірілді. Өңір кәсіпорны ағымдағы жылдың 9 айында 17 млн. шаршы метр мақта маталарын шығарады. Кірпіш зауыттары ағымдағы жылы 168,3 мың м3 құрылыс кірпіштерін шығарды, ал, портландцемент шығару цехында 1572,8 мың тонна көлемінде өнім шығарылған.    
Сонымен қатар, облыс әкімдігінің баспасөз қзыметінде хабарлағандай, мақта талшығы – 25,4% кеміді, яғни 9 айда өндірілгені 18,4 мың тонна. ОҚО-да өндірілген бетон көлемі 22,0%-ға кеміді, биыл өндірілген өнім 612,5 мың тоннаны құраған. Ал биыл өндірілген бензин 20,2%-ға кем (678 мың тонна), керосин өндіру – 18,6% (181,8 мың тонна), мазут өндіру – 22,1% (667,3 мың тонна), жылу энергиясы – 20,0% (938 мың Гкал) өсті, электр энергиясы – 43,6% (611 млн.квм.сағ) кеміді.

adimage