ОҚО-да «Алтын күз» мерекесінде жыл қорытындысын шығарды

Шымкент. 12 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында «Алтын күз» мерекесінде жыл қорытындысын шығарды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
«ОҚО-да «Алтын күз» мерекесінде жыл қорытындысын шығарды. Дәстүр бойынша бұл күні жақсы астық жинаған диқандарға, егістіктерде, фермаларда жұмыс жасап, жетістіктерге жеткендерге алғыс айтылады. Мұнда шаруа қожалықтарының жетекшілері мен қарапайым комбайншылар болды», - деді бейсенбі күні облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасынан атап кеткендей, биылғы жыл ауа райының қолайсыздығынан күрделі жыл болды. Қиындықтарға қарамай, агроөнеркәсіптік кешеннің нәтижелері жаман емес. Мысалыға ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері артты. 9 айда ол Т247,3 млрд-тан асып, былтырғымен салыстырғанда ол сома Т20,2 млрд-қа артық болды.
«Статистикалық мәліметтерге сай, еліміздің АӨК өндірісіндегі Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі мақта бойынша 100%, жүзімнен – 70%, бақшалық дақылдарда – 64%, сафлордан – 38%, жеміс-жидектен – 36%, көкөністен – 23%», - деп мәлім етті облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов.
Хабарда айтылғандай, биылғы ауыл шаруашылық жылында мақтадан ең озық болғаны Шардара ауданы. Онда 32 мың тоннадан артық мақта жиналды. Сонымен қатар Түркістан мен Ордабасыда да өнім жақсы болды. Сондай-ақ «Алтын күз» мерекесінде жемістер мен жүзімнің көшеттерін өсірумен айналысатын тәлімбақ иесінің еңбегі де атап өтілді. Фермер Танабай Шынтасов нарыққа өнімдерін бұдан 10 жыл бұрын жеткізе бастады. Қазір ол жыл сайын 300 мың жеміс ағаштарының және 600 мың жүзімнің көшеттерін өсіреді. Сондай-ақ Сарыағаш ауданының диқандары да аталып өтілді. Онда 14 мың тонна көкөніс пен жеміс жиналды.

adimage