ОҚО-да Арыстағы көпқабатты үйлерді жөндеуге Т75,2 млн бөлінді

Күні: 21:39, 28-10-2014.

Шымкент. 28 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласында көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге Т75,2 млн бөлінді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ТКШ жетілдіру» бағдарламасымен республикалық бюджеттен 75 млн 239 мың теңге Арыстағы бес қабатты көппәтерлі үйді жөндеуге бөлінді. Одан басқа, ол үйлерде сейсмологиялық күшейту жүргізіледі, оған қазірдің өзінде Арыс бюджетінен 37 млн 114 мың теңге бөлінген», - деп хабарлады сейсенбі күні баспасөз қызметінен.  
Одан басқа, қала әкімі Сейіт Ертайдың есебінде көрсетілгендей, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, облыстық бюджет қаражатына «Көктем» ықшамауданында қазандық пен кәріз сорғыш стансалары салынуда.
«Ол сондай-ақ Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерін нормадан артық жиналғанын айтты, яғни 108%. Мал басы артты. Мал басын арттыру үшін бизнесмендер 87 млн сомалық несие алды», - деді әкімшіліктен.
Арыста тек 9 айда шағын бизнестің 3669 нгысаны пайда болды. Одан басқа биыл 280 орындық балабақша тапсырылды, «Балапан» мембағдарламамен 3 шағын орталық, 3 мемлекеттік орталық тапсырылды, сондай-ақ Аққала елді мекенінде 200 орындық мектеп құрылысы салынуда.


Жаңалықтармен бөлісу: