ОҚО-да бүгінгі күнге 10 мың тоннаға жуық күріш өнімі жиналды

Шымкент. 14 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күнге 10 мың тоннаға жуық күріш өнімі жиналды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-да бүгінгі күнге 10 мың тоннаға жуық күріш өнімі жиналды. Оңтүстік Қазақстан облысында күріш шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өңір диқандары соңғы жылдары күріштен жақсы өнім алуда. Бүгінгі күні облыс бойынша күріш ору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің хабарында айтылғандай, биыл ОҚО бойынша 3990 гектар алқапқа  күріш дәні себілді. Оның бүгінде 1700 гектар алқабы жиналып, жалпы түсімділігі гектарына 58 центнер өнімді құрап отыр. Ал жалпы  алынған өнім көлемі – 9800 тонна. Облысымызда күріш егінімен  Мақтарал және Шардара аудандары айналысады. Соның ішінде Мақтарал ауданында 2580 гектар алқапқа күріш егілген. Қазіргі таңда өнімнің 900 гектары жиналған, яғни әр гектардан 56 центнер күріш алынды. Бүгінгі таңда  Мақтарал ауданы бойынша жалпы алынған өнім көлемі  5040 тоннаны құрайды. Ал, Шардара ауданында 1410 гектар алқапқа  күріш  егіліп, бүгінге 800 гектар алқабы жиналды. Жалпы өнімнің түсімділігі әр гектардан 60 центнерді құрайды. Мұнда күріш алқабынан 4800 тонна өнім жиналды.

adimage