ОҚО-да биыл мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 16 мыңдай ІҚМ сатып алынды

Шымкент. 22 қазан. ҚазТАГ – Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында 16 мыңдай мүйізді ірі-қара мал (ІҚМ) сатып алынды, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылық басқармасынан.
«ОҚО-да биыл мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 16 мыңдай ІҚМ сатып алынды, ал бағдарламаны іске асырған алғашқы екі жылда фермерлер еттік тұқымдағы 9,5 мың бас ІҚМ сатып алған. Бұл мал шаруашылығы өңірдегі агробизнестің негізгі секторларының бірі екендігін көрсетеді», - деді облыстық асыл тұқымды мал шаруашылығы бөлімнің бастығы м.а. Оразтай Усіпбаев.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында еске салғандай, еттік бағыттағы мал шаруашылығын дамыту жобасы мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып отыр. «Сыбаға» бағдарламасы «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының негізгі буыны. Осы бағдарлама аясында фермерлік шаруашылықтар аналық бас ірі-қара мал, ұрықтандырғыш бұқалар сатып алуға кредит алады. Оңтүстік-қазақстандық фермерлер осы мемлекеттік бағдарлама артықшылығын оны іске асыру басталған алғашқы жылдан бастап ақ бағалады ІҚМ сатып алу жоспарын артығымен орындап жатыр. Әкімшіліктен атап өткендей, 2011 жылдан бері жүздеген шаруашылық бағдарламаға қатысушы болды. Мысалы, «Ақсанат инжинирнг» ЖШС жобасы табысты болды. Олар 4 жыл бұрын аймақта бірінші болып Аустралиядан еттік бағыттағы «абердин ангус» және «герефорд» тұқымды бұқалар мен сиырлар әкелді. Кейін осындай тұқымдағы малдарды басқа да фермерлік шаруашылықтар сатып алды. Қорытындысында импорттық сиырлар мен бұқалардың мал басын бірнеше есеге арттырды. Одан басқа, фермерлер қазақстандық асыл тұқымды  - әулиекөл және ақ бас сиырлардың санын көбейте бастады. «Оңтүстік Қазақстанда өнімділігі жоғары малдарға деген сұраныс жоғары. Ондай малдарды бордақылау да тиімді болды. Бұқаны Т350 мыңға сатып алып, жарты жылдан соң жарты тонна ет өніруге болады. Ол өте тиімді», - деді О. Үсіпбаев.  
Ол қазір мемлекет өнімділігі жоғары мал сатып алуға субсидия бөліп отырғанын атап өтті, және егер бұрын мал санына қарайтын болса, қазір өнімділігіне назар аударады.

adimage