ОҚО-да диірмен мен мұнай өңдеу кешені бизнестің жол картасы бойынша іске қосылды

Күні: 20:58, 16-11-2014.

Шымкент. 16 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында «Бизнестің жол картасы – 2020» мембағдарламасы бойынша екі жоба іске қосылды, деп хабарлады аудандық әкім баспасөз қызметінен.  
«ОҚО Сайрам ауданында «БЖК-2020» бойынша екі кәсіпорын жұмысын бастады. Осының арқасында Ақсукенттің 70 тұрғыны жұмысқа орналасты», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Әкімшілік мәліметтерінше, кәсіпорындардың бірі – «заманауи диірмен. Ол түрік технологияларымен жабдықталған». Оның қуаты тәулігіне 300 тонна астық тартуға жетеді. Онда 40 адам жұмысқа орналастырылған, ал жоба құны Т897 млн.
Ашылған екінші кәсіпорын - мұнай мен мұнай өнімдерін өңдейтін және сақтайтын кешен. Онда 30 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Кәсіпорында 18 мың текше метр ЖЖМ сақтауға және сатуға шығаруға болады.


Жаңалықтармен бөлісу: