ОҚО-да иістеніп уланудың алдын алуға ерекше назар аударылатын болады

Күні: 18:05, 25-10-2014.

Шымкент. 25 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) жылу маусымы кезінде иістеніп уланудың алдын алуға ерекше назар салынатын болады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
ОҚО әкім орынбасары Сәкен Қонысбаев кеңесте облыста пеш жағатын маусымда адамдардың иістеніп улануының алдын алу шаралары ерекше назарда болу керектігін атап өтті. Алаңдауға негіз бар, былтыр иістеніп уланудың 12 оқиғасы болып онда 22 адам қаза болды, олардың арасында балалар да бар.
Сондай-ақ кеңесте өңірдегі барлық жылумен қамтамасыз ететін мекемелер дайындық төлқұжаттарын алғаны белгілі болды. Кентаудағы ЖЭО-5 резервтегі екі қазандығын жөндеуді жалғастыруда, ал негізгі үшеуі қысқа дайын.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, мектептерге, ауруханалар, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандарына көмір, мазутты жеткізу кесте бойынша жүргізіліп отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: