ОҚО-да индустриалды-инновациялық даму аясындағы жобалардың шамамен 50%-ы ауылдық елдімекенде жүзеге асырылуда.

Шымкент. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму аясындағы жобалардың  шамамен 50%-ы ауылдық елдімекенде жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Оңтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму аясындағы жобалардың  шамамен 50%-ы ауылдық елдімекенде жүзеге асырылуда. Соңғы 4 жылда жалпы құны 183,9 миллиард теңгені құрайтын 137 жоба іске қосылған. 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.  

2014 жылы жобаларды іске қосу негізінде Т56,7 млрд өнім өндірілді, ағымдағы жылдың маусым айына дейін Т24,2 млрд өнім өндірілген. 2008-2014 жылдар аралығында өндірілген өнім көлемі бойынша өңірлер рейтингінде Оңтүстік Қазақстан облысы үшінші орында тұр.

Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысы 104 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, инвестициялардың жалпы көлемі Т845,1 млрд құрайды. Жаңа өндіріс орындарын іске қосу 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өңірде трактор, коммуналдық және арнайы техника, рентген-апараттар, алюминий радиатрларын шығару бойынша зауыт құрылысы секілді маңызды жобалар іске асырылады.  Медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер шығару бойынша фармацевтикалық өндірісті іске қосу да жоспарда бар.  Джинси маталарын шығару кәсіпорны мен екі ірі металлургиялық комбинат және ірі жиһаз фабрикасы іске қосылады.  

adimage