ОҚО-да ипотека алғандардың қарыздарын қайта қаржыландыру жоспарлануда

Шымкент. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Ұлттық банк мамандары депозит иелері мен проблемалы ипотека алғандарды не күтіп тұрғанын айтып берді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
    
«Ұлттық банк мамандары депозит иелері мен проблемалы ипотека алғандарды не күтіп тұранын айтып берді. Облыстық әкімдікте Ұлттық банк қызметкерлерінің брифингі өтті. Банкирлер мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағдарламалары туралы әңгімеледі», - деді баспасөз қызметінен.

Сонымен Ұлттық банк мамандары дағдарысқа қарсы бағдарламалардың бірнше түрі барын еске салды. Оның біріншісінде 2015 жылдың 18 тамызына дейін екінші деңгейлі банктерде орналастырылған теңге салымдарына өтемақы төленеді. Алайда өтемақы депозитте қаражаты болған жағдайда ғана төленеді. 2016 жылдың жазында салымшыларға 2015 жылғы Т188/ $1 бағамы мен 2016 жылғы бағдарламаның аяқталу сәтіндегі бағам айырмашылығы өтеледі. Бұл акциямен 1 млн 700 мың алымшыны қамту жоспарлануда, деп түсіндірді қаржылық қызметті тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент директоры Александр Терентьев.

Екінші бағдарлама ипотека алушылардың қарыздарын қайта қаржыландыруды білдіреді. Ол үшін ипотекалық тұрғын үй біреу болуы, аумағы 120 шаршы метр және Т38 млн. қымбат болмауы тиіс. Осы бағдарлама аясында ОҚО бойынша 60 өтініш берілген, жалпы ел бойынша 8 мыңдай өтініш түскен. ҚР Ұлттық банкінің мамандары проблемалы қарызы барларға мемлекет баж салығын төлеп, оларды табыс салығын төлеуден босататынын айтты.  

adimage