ОҚО-да көлікке бақылау жасау инспекциясының жылжымалы постарында жол жүргені үшін алымдар көлемі Т134 млн болды

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Көлікке бақылау жасау инспекциясының жылжымалы постарында жол жүргені үшін алымдар сомасы Т134 млн болды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) әкімшілігінің баспасөз қызметінен, ОҚО көлікке бақылау жасау инспекциясының бастық орынбасары Олег Петуховқа сілтемелеп.
«Көлікке бақылау жасау инспекциясының жылжымалы постарында жол жүргені үшін алымдар қазіргі кезеңге Т134 млн болды. Жоспар 101% артығымен орындалғанын айта кеткен жөн, постарда 21 адам жұмыс жасайды», - деп мәлім етті О. Петухов облыс әкімшілігіндегі брифингте.
О. Петухов атап өткендей, биыл 2003 арнайы рұқсат алымдары рәсімделген және одан түскен кіріс Т105 млн болды. Одан басқа, бюджетке әр түрлі бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдар пайда келтірді. Мысалы, 308 оқиғада жүргізушілер рұқсат беретін алымдарсыз өтіп кетпекші болған. Автокөліктерді тексеру барысында (көлікке бақылау жасау инспекторлары 7 мыңнан астам көлікті тексерді) карьерлерде жұмыс істейтін 980 автомашинада 658 бұзушылық анықталды.
Брифинг барысында О. Петухов Оңтүстік Қазақстан облысында міндетті түрде техникалық байқаудан өтуі керек автокөліктер саны 383 300 екенін айтты. Көлікке бақылау жасау инспекциясының мәліметтерінше, биылғы 7 айда 232 154 машина техникалық байқаудан өтіпті. Олардың ішінде 205 574 көлік техникалық байқаудан қиындықсыз өтіп, ал 26 580 техника әр түрлі техникалық бұзушылықтардан «емтиханды» тапсыра алмаған. ОҚО көлікке бақылау жасау инспекциясының мәліметтерінше, облыста 15 135 дана жолаушылар тасымалдайтын көлік пен 81 225 дана жүк тасымалдайтын көлік бар екен.

adimage