ОҚО-да күздікке межеленген алаңның 92% егілді

Шымкент. 2 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында жоспарланған алқаптың 92%-на күздік егілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«ОҚО-да жоспарланған алқаптың 92%-на күздік егілді. Яғни 2016 жылдың өніміне межеленген 122,0 мың га күздіктің 112,2 мың га егілді. Облыс тауарөндірушілері егіске қажетті 28,0 мың тонна тұқыммен толық (100%) қамтамасыз етілген», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.  
Әкімдікте еске салғандай, бүгінге 219,4 мың тонна шит немесе межеленген көлемнің 82,7% жиналды. Ал былтыр ол  63,4% құраған болатын. Ал жалпы ағымдағы жылы 265,3 мың тонна шитті мақта жинау межеленген болатын, ол былтыр 320,7 мың тоннаны құрады.
Сонымен қатар, облыста күріш дақылын 3,2 мың га алқапта ору жұмыстары толық аяқталып, гектарына 54 центнерден, барлығы 17,3 мың тонна күріш шалысы жиналды. Оңтүстік Қазақстан облысында күріш Мақтаарал және Шардара аудандарында өсіріледі.  
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде еске салғандай, күзгі егін жинау жұмыстарына Үкімет тарапынан 44,7 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 5,7 мың тоннаға артты. Бүгінгі күнге агроқұрылымдарға 42,5 мың тонна жанар-май таратылды, бұл жоспарланған көлемнің 95%-ы.

adimage