ОҚО-да кірпіштерді нидерландиялық технологиясымен шығарады

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) кірпіштерді нидерландиялық технологиясымен шығарады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО кірпіштерді нидерландиялық технологиясымен шығарады. Жабдықтарды жөнге келтіріп, өндірісті іске қосу үшін «Батсу-Водоканал» зауытына Нидерландиядан инженер-технолог келді», - деп хабарлады әкімшілік баспасөз қызметінен.
Шетелдік маман Рудольф Шотман екі апта бойына керамикалық, құрылыс және әрлеу кірпіштерін шығару тәжірибесімен бөліседі. Жаңа технология өнім шығару қарқынын арттырып және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Шетелдік қонақта осындай өнім шығару үдерісін ретке келтіруде тәжірибесі мол. Ол Голландияның, Батыс Африканың, Перу, Тунистегі зауыттарды іске қосқан. Сарапшының айтуынша, барлық жерде бірдей саз балшық қолданылады, бірақ берік кірпіш шығаруға мүмкіндік беретін қыр-сырлары өте көп. Және дәл осы қыр-сырлары туралы шетелдік маман біздің мамандарға айтып береді.    
Шетелдік маманды «Даму» қорының көмегімен «Аға сеньорлар» («Старшие сеньоры») бағдарламасының аясында оңтүстік-қазақстандық кірпіш зауытына шақырту мүмкін болды.  
Осы бағдарламаның көмегімен шағын және орта бизнес субъектілері өздерінің өндірісіне кез келген маманды шақырта алады.
Қазір зауытта тәулігіне 150 мың кірпіш шығарады, бұл ретте кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 60 млн әрлік кірпіш шығаруға есептелген. Зауыт 2014 жылғы желтоқсанда Индустриалдау картасы аясында Бадам ауданында іске қосылды. Оның үстіне мемлекеттік «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекет есебінен кәсіпорынға қажет коммуникациялар жеткізілді.
Зауытта заманауи жабдықтар орнатылған. Ол кірпіштің 8 түрін шығаруға мүмкіндік береді және суыққа төзімді, жылу өткізбейді. Ол өнімдерін қазірдің өзінде Шымкентте, Павлодар мен Астанада сатып жатыр. Зауыт толық қуатына шыққан соң, ол нарықты 20-25% кірпішпен қамтамасыз ете алады.

adimage