ОҚО-да құлпынай мен аскөктерді бассейндерде өсіруде

Шымкент. 14 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында құлпынай мен аскөк жапырақтарын бассейндерде өсіреді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-да құлпынай мен аскөк жапырақтарын бассейндерде өсіреді. Ондай тәжірибені Түлкібас ауданында жасап отыр. Осының барлығын жасауға аквопоника жүйесі мүмкіндік беруде, яғни топырақтың орнына балық өсіріп жатқан су пайдаланылады», - деп айтып берді баспасөз қызметінен сәрсенбі күні.
«Ондай жылыжайлар көзге оғаш көрінеді. Мұнда топырақ та, жүйектер де жоқ, ал өнімді тура бассейіннен жинай береді. Айта кетерлігі осы бассейндерде кәсіпкерлер балық өсіреді. Ол балық түрлері бекіре және тұқы тұқымдас балықтар. Олар аскөк жапырақтары мен құлпынайға керектердің барлығымен қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, алғашқыда Түлкібас аудан тұрғындары тәжірибе сәттілігіне сенбей, әзілдеп те жүріпті. Бірақ алғашқы нәтижеге осы жобаны бастаушылардың өздері де таң қалыпты. Құлпынайлар үш күнен соң гүлдей бастаған, ал екі аптадан соң алғашқы өнім – 6 кг-дай тәтті құлпынай жиналған.  
«Бізде енді өсімдіктер де балықтар да екі есеге көп болады. Қазір шабақ цехының құрылысын аяқтадық. Балықтың түр-түрлерін өсіруге тырысамыз», - деді балық зауытының басқарушысы Николай Царев.
Әкімшілік мәліметтерінше, аквопониканы әзірге тек екі бассейнде ғана енгізілген, ал зауытта олардың саны - 42. Мұнда балықты көбейтуді 3 жыл бұрын бастады. Қазір популяция 40 тонна бекіре мен 85 тонна бахтақ балық. Аудан жоспарында уылдырық өсіру де бар.  

adimage