ОҚО-да Ұлы Отан соғысының ардагерлері шығармашылық конкурсқа 7 номинация бойынша қатысуда

Күні: 10:31, 11-11-2014.

Шымкент. 11 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері «Батыр-ардагерлер» шығармашылық конкурсына 7 номинация бойынша қатысуда, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«16 ардагер конкурстың музыкалық турына қатысуда. Олар соғыс жылдарындағы әндерді орындауы тиіс, ал әділқазыларды үздігі таңдау күтіп тұр», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен сейсенбіде.
Төрешілер тек музыкалық ардагерді ғана таңдап қоймайды. Музыкалық аспаптарда ойнаудан, айтыстан, би конкурсынан үздікті анықтау керек болады. Үздік суретші, қолөнерші және кулинар таңдалатын болады.
«Мәселен, кулинарлық турға 6 ардагер қатысуда. Олар қазыларды дастарқанмен таңырқатуы қажет. Біреулері ұлттық тағам әзірлесе, енді біреулері мерекелік үстел дайындау бойынша өз қабілеттерін паш етті, ал кейбірі өткенді еске алып, алаңдағы асхананың көшірмесін беруге тырысқан», - деп атап өтті обләкімдіктен.
Фестиваль жеңімпаздарын дипломдармен және сыйлықтармен марапаттайды, ал үздіктер наурыз айында елордада өтетін республикалық конкурста өңір намысын қорғау құқығына ие болады.


Жаңалықтармен бөлісу: