ОҚО-да мембағдарлама бойынша гофрокартон өндіретін зауыт іске қосылды

Шымкент. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында гофрокартон өндіруге кіріседі, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-да мембағдарламамен гафрокартон шығаруға кірісті. «KazBioLife» ЖШС гофрокартон өндіретін зауыт іске қосылды.
Облыс әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, «... гофрокортон шығаратын зауыт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жоба құны 650 млн. теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған».
Жобаны іске асыруға ауданы 4,65 га болатын жер бөлінген. Жабдықтар лизингіге сатып алынды. Өндірістік желі толығымен автоматтандырылған. Зауытта 56 адам жұмыс істейді, дейді әкімшіліктен.
Зауыт жылына 10,4 тыс тонна картон қағазын, немесе 10 млн шаршы метр гафро картон шығарады. Орнатылған жабдықта үш қабатты және бес қабатты картон шығаруға болады. Жоспар бойынша өнім тек ОҚО нарығына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа өңірлеріне де жеткізіледі.

adimage