ОҚО-да құны Т600 млн тұратын жеміс-жидек шырындары мен концентраттарын өндіру цехы іске қосылды

Шымкент. 13 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында құны Т600 млн тұратын жеміс-жидек шырындары мен концентраттарын өндіру цехы іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысында құны Т600 млн тұратын жеміс-жидек шырындары мен концентраттарын өндіру цехы өз жұмысын бастады. Ол Түлкібас ауданында орналасқан. «Арсен АС» ЖШС ұйымдастырған жаңа өндірісте  3 мыңға дейін алма мен жүзім қайта өңделетін болады», - деп хабарлады жұмада әкімдіктің баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, кәсіпорынды қосуға жұмсалған соманың жартысы, яғни Т480 млн, «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығынан бөлінген. Ол қажетті құрал-жабдықты лизингпен сатып алуға қаржы бөлген. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы «Бизнестің жол картасы- 2020» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған  басымдықтарды пайдаланды. Аталмыш бағдарламаға сәйкес мемлекет барлық қажетті инфрақұрылым құрылысын өзіне алады.  
«Біз өңірді көп араладық және көптеген жаңа бақтарды көрдік. Біз мұндай өндіріс тоқтап қалмайды, ал оның өнімі сатушылар арасында танымалдылыққа ие болады деп шештік.    Сондай-ақ ауданда бұл шырындар мен концентраттар шығаратын алғашқы кәсіпорын болмақ», -деді «Арсен АС» ЖШС директоры Бақытжан Отанбаев.  
Қазір кәсіпорында 30 жұмыс орны құрылған, қызметкерлердің көбінің жұмыс өтілдері жоғары. Алайда олар өңдірістің тоқтап қалуы салдарынан жұмыссыз отыруға мәжбүр болған.  
«Бір цехта біз концентраттар шығарамыз. Ал келесісінде – тетрапакеттермен қапталған шырындар мен нектарлар. Оның екеуін де сатылымға шығарымыз. Концентраттарға клиенттер қазірдің өзінде бар. Олар шырындар құюмен айналысатын кәсіпорындар», - деп атап өтті зертхана меңгерушісі Гүлнара Тілібаева.  
Биыл кәсіпорында өз бағын егуді де ойлап отыр. Әзірге 15 га игерілген, болашақта алаңды 50 га. дейін ұлғайту жоспарда бар.  
Баспасөз қызметі еске салғандай, кезінде Түлкібас ауданына жасаған сапары барысында ОҚО әкімі өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов болашақта қазақстандық тұтынушылар импорттық жеміс-жидек концентраттарынан бас тартар деген үмітін білдірген болатын.  

adimage