ОҚО-да рентгендиагностикалық аппараттарды шығару бойынша кешеннің құрылысы жүргізілуде

Шымкент. 9 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жаңа зауытта жылына 60 мың дана рентгендиагностикалық аппаратын шығару  жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы жаңа зауытта  жылына 60 мың дана рентгендиагностикалық аппаратын шығару  жоспарлануда. Бұл жобаны  «Казмедприбор Холдинг»  компаниясы жапондық «Shimadzu» фирмасымен бірге қолға алмақ», - деп хабарлады дүйсенбіде облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
Шымкентте рентгендиагностикалық аппаратын шығару зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңа кешенде заманауи жоғары технологиялық аппаратар мен жазылуы қиын аурулардың дамуының бастапқы кезеңін диагностикалауға арналған құралдар шығарылады. Сонымен қатар, кәсіпорын өнімі анасының жатырындағы шарананың денсаулығындағы күрделі патологиялық өзгерісті дәл анықтауға да көмектеседі.  
Зауытта 150 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Шығарылатын өнім көлеміне қарай, заманауи рентген аппараттарына деген ауруханалар мен диагностикалық орталықтарының қажеттіліктері қанағаттандырылады. Оған қоса, өнім тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, елдің басқа өңірлерінде десатылады.  
Еске салсақ, «Казмедприбор» компаниясы 10 жыл бұрын құрылған. Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жылдарында медициналық құрал-жабдықтар мен медициналық бұйымдарды шығарушы және жеткізуші ретінде елдегі көптеген медициналық мекемелердің сеніміне ие болған.  

adimage