ОҚО-да республикалық экспедицияға қатысушылар бұқаралық спорттың дамуын талқылады

Күні: 13:32, 27-10-2014.

Шымкент. 27 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Спорт» басылымының редакциясы ұйымдастырған  ақпараттық-талдамалы экспедицияға қатысушылар бұқаралық спортты дамытуды талқылады, деп хабарлады өңірлік БАҚ.  
«Экспедицияға қатысушылар Алматы, Алматы мен Жамбыл облыстарында болғаннан кейін ОҚО-ға келді. «Дені саудың-жаны сау» тақырыбындағы дөңгелек үстелде «Спорт» газетінің бас редакторы Д.Дүйсебай экспедиция тұжырымдамасының негізгі қағидалары туралы әңгімеледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Атап айтсақ, ол ауылдарда заманауи спорт залдардың, спорт мектептерінің құрылысы қажеттігіне тоқталды.  Сондай-ақ қатысушылар қалалардағы барлық ықшам аудандарда теннис корттары, волейбол, футбол алаңдары, аула спорт клубтары  жұмыс жасау керектігін атап өтті.  
Хабарланғандай, ақпараттық-талдамалы экспедицияның басты мақсаты -  тұрғындар арасында салауаты өмір салтын насиаттау, атқарушы билік өкілдерінің бұқаралық спортты дамыту проблемасына назарын аударту. Оның қатысушылары - журналистер, медицина қызметкерлері, жас спортшылар мен спорт ардагерлері.


Жаңалықтармен бөлісу: